Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Австрия Федералдық Yкіметі арасында Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісім жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 47 қаулысы (ҚР Үкіметінің 08.09.04 ж. № 943 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Австрия Федералдық Yкіметі
арасында Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсiптiк,
техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісім жасасу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 16 қаңтардағы № 47 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.09.04 ж. № 943 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Австрия Федералдық Үкіметі арасындағы Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсiптiк, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісімнiң жобасы мақұлдансын.

ҚР Үкіметінің 08.09.04 ж. № 943 қаулысымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Федералдық Yкіметі арасындағы Экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, өнеркәсiптiк, техникалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісім жасасуға өкілеттiк берілсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының