Бағдарламаны жасау тау-кен-металлургиялық кешенiнде болатын проблемаларды мынадай жолмен шешуге мүмкiндiк бередi:
- саланың шикiзат шығаруға бағытталуын төмендету;
- Қазақстан металының бәсекеге қабiлеттілігін арттыру;
- жер қойнауын пайдалану мониторингін, бақылау мен басқару құру;
- технологиялық қайта өңдеулердi жетілдiру есебiнен бағалы компоненттердiң жойылуын төмендету;
- жоғары білiктi ғылыми кадрлар даярлау.
Әзiрленiп отырған Бағдарламаны iске асыру әлемдiк рыноктың, ТМД рыногының қажеттілiгiн және iшкi қажеттіліктi, сондай-ақ елiмiздiң экономикалық тәуелсiздігiн нығайтуды ескере отырып, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкiндiк береді.
Жаңа Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалық-инновациялық даму стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығына сәйкес инновациялық өндiрiстер құру үшiн Қазақстан Республикасының минералды және техногендік шикiзатын қайта өңдеу жөніндегi бiрқатар жаңа технологиялар әзiрлеу көзделіп отыр.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенiнiң инновациялық дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, жоғары қосымша құны бар бәсекеге қабiлеттi өнiм алу жөніндегі жаңа өндiрiстер құру, қоршаған ортаға техногендік әсердi төмендету және кадрлық ғылыми әлеуеттi дамыту.
Бағдарламаның мiндеттерi:
әлемдiк рыноктың талаптарына сәйкес тау-кен металлургиялық кешенінің бәсекеге қабiлеттi өнімдерін арттыру мақсатында жаңа технологиялар әзiрлеу және жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жетiлдiру;
жоғары қосымша құны бар экспорттық және импорт алмастырушы өнiмдердің номенклатурасын кеңейту жөнiнде технологиялар әзірлеу;
рудалы, техногендік, баланстан тыс және құрамында қайталама металы бар шикiзатты қайта өңдеуге тартуды қамтамасыз ететiн жаңа технологиялар әзірлеу және игеру;
қоршаған ортаға техногендiк ықпалды азайтуға бағытталған технологиялар әзiрлеу;
шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң қатысуымен әзірлемелерді енгізу жолымен жаңа өндiрiстер құру;
Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургиялық кешенін тиімді басқару үшін ғылыми жағынан негiздеу және әдiстемелiк құжаттар әзiрлеу;
ғылыми кадрлардың біліктiгiн арттыру және тау-кен металлургиялық салаға жоғары білiктi мамандарды тарту.
негiзгi бағыттары мен тетiгi
1. Бәсекеге қабiлеттi өнім шығаруды қамтамасыз ететін рудалы және техногендік шикiзатты кешенді қайта өңдеу үшiн ресурс және энергия үнемдейтiн, экологиялық жағынан таза технологиялар мен жабдықтар жасау және оларды іске асыру:
шығарып тасталған жоғалымдардан кенді қайта өңдеуден өткізу арқылы мыс және iлеспе металдарды өндірудің технологиялық процесін жетілдіру;
қорғасын, мырыш және ілеспе металдар өндiрудiң ғылыми-техникалық деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн тиiмдiлігі жоғары, экологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар жасау және iске асыру;
бәсекеге қабiлеттi өнiм алуды қамтамасыз ететiн рудалы және техногендiк шикiзаттан жасалатын түстi, сирек және асыл металдарды алудың рентабельдiгі жоғары және экологиялық жағынан таза технологияларды әзiрлеу және игеру;
баланстан тыс және бабына келмеген темір рудасы мен ферроқорытпа шикiзатын, техногендiк қалдықтарды қайта өңдеудiң тиiмдiлігі жоғары, экологиялық жағынан таза технологияларын игеру;
жаңа құралдар мен автоматтандыру жүйелерiн енгiзе отырып, металлургиялық процестердi басқару үшiн ақпараттық-өлшеу кешендерiн құру.
2. Кен өндiру және қайта өңдеу кәсiпорындарының қатты, сұйық және газ күйiндегі қалдықтарын кәдеге жаратудың технологияларын жасау:
өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтарын кәдеге жарату мен жоюды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер мен аппараттар жасап шығару және енгізу;
сумен жабдықтаудың айналымдық жүйелерiн әзiрлеу және енгізу;
қауiптi қалдықтарды азайтуды, толық кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды қамтамасыз ететiн жаңа технологиялар жасап шығару және игеру.
3. Ғылыми-техникалық өнiмдердi кейiннен сату үшiн тәжiрибелi және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстар:
тәжiрибелi және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;
ғылыми-техникалық өнiмдi кейiннен сату үшiн техникалық, технологиялық және жобалау құжаттамаларын әзiрлеу.
4. Өнеркәсіптiң кен өндiру және қайта өңдеу салаларының дамуы мен қауiпсiз жұмыс iстеуiнiң нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарын әзiрлеудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
5. Тау-кен-металлургиялық сала үшiн кадрлық әлеуеттi даярлау.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржы шығындары, барлығы - 700,7 млн. теңгенi, соның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы - 222,6 млн. теңге, 2005 жылы - 233,8 млн. теңге, 2006 жылы - 244,3 млн. теңгенi құрайды. 2005-2006 жылдарға арналған шығыстар көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде негiзiнен мынадай нәтижелер алынатын болады:
қорғасын алуды 5 %-ға, мырышты 8 %-ға, мыс алуды 1-1,5 %-ға, асыл металдарды 2-2,5 %-ға арттыруға, қара түстi, сирек және асыл металдар рудаларын қайта өңдеуге мүмкiндiк беретiн баланстан тыс, жұпыны рудаларды байытудың қолданыстағы технологиялары жетiлдiрiлдi және жаңа технологиялар игерілдi;
қазақстанның жаңа шикiзат көздерiн қайта өңдеуге тартудың, құрамында титан бар шикiзатты балқыту процесiнiң техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн 5-7 %-ға арттыруды, ванадий алудың дәрежесiн 8-10 %-ға, титан алуды 0,5-1 %-ға өсiрудi қамтамасыз ететiн оларды кешендi қайта өңдеудiң жаңа технологиясын жасаудың есебiнен сирек (ванадий, галлий және тағы басқа) және асыл (алтын, күмiс, платина) металдардың шикiзат базасы ұлғайтылды;
жер қойнауынан руданы өндiрудiң өзiндiк құнын 8-10 %-ға төмендетудi, салу жұмыстарына, кен тазалау орындарын бекіту мен ұстауға жұмсалатын шығынды 30-35 %-ға қысқартуды қамтамасыз ететiн тау-кен өндiрiсiнiң процестерiн механикаландыру мен басқару жүйесiнiң құралдары әзiрлендi және енгізiлдi;
тапшы және улы реагенттер шығысын айтарлықтай қысқартуға, кен байыту кәсiпорындарынан экологиялық ахуалын жақсарта отырып, концентраттардың сапасын арттыруға мүмкiндiк туғызатын құрамында асыл металдары бар сульфитті полиметалл рудаларын, қиын байытылатын, баланстан тыс, жұпыны рудаларды байытуда жаңа технологиялар әзiрлендi және игерiлдi және қолданылып жүрген технологияларды жетiлдiрiлдi;
тау-кен-металлургиялық кешенi кәсiпорындарының қоршаған ортаға тигiзетiн зиянды әсерiн төмендетуге, өндiрiс қалдықтарының жиналуын қысқартуға және табиғи объектiлерге шығарылатын авариялық лақтырындыларды азайтуға мүмкiндiк туғызатын жаңа технологиялар жасанды және игерілдi;
металлургиялық шлактар мен кен байыту фабрикаларының қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі технологиясы әзiрлендi;
кен байыту фабрикалары мен металлургиялық өндiрiстердiң кен үйiндiлерiнен және қалдықтарынан жасалған түстi, асыл және сирек жер металдарын алу жөніндегі технологиясы әзiрлендi;
елiмiз үшiн жаңа кешендi балқымалар мен лигатур түрлерiн, соның iшiнде: ферробор, ферротитан, барий, кальций, ванадий бар ферросиликоалюминий алудың технологиясы әзiрлендi және енгiзiлдi;
автоматтандырудың құралдары мен жүйелерiн игере отырып, процестердiң технологиялық параметрлерiн бақылаудың жабдықтары мен аспаптарының жаңа түрлерiнiң тәжiрибелiк үлгiлерi әзiрлендi және жасалды;
тау-кен-металлургиялық кешенiнiң дамуын бейімдiк басқару үшiн ғылыми-әдiстемелiк құжаттар жасалды;
пайдалы қазба қорларын тиiмдi және кешендi пайдалану жөніндегі ғылыми-әдiстемелiк құжаттаманың жобалары әзiрлендi;
тау-кен-металлургиялық кешенi кәсiпорындарының ИСО 9000 және 14000 халықаралық стандарттар саласына көшуiн және өнiм сапасын басқарудан сапа менеджментi жүйелерiне көшудi ғылыми-әдiстемелiк және метрологиялық қамтамасыз ету құрылды;
тау-кен-металлургиялық салаға инновациялық технологияларды құру және енгізу үшiн жоғары біліктi ғылыми кадрлары даярланды.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары