7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жетiм балаларға арналған қазақ тілін оқытатын білім беру орталығының мемлекеттік сараптамадан өткен және бекітілген тәртiппен, білім беру орталығының жобалық-сметалық құжаттамасы. Мына нысандар пайдалануға берiледi: O.Таңсықбаев атындағы Алматы декоративтiк-қолданбалық өнер колледжiнiң оқу-өндiрiстiк базасы; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Yлкен орган залы; "Балдаурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығының жүзу бассейнi; Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының емдеу корпусы мен лифтi желісі; дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетiн тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаттық бассейнi бар спорт залы. Жобалық-сметалық құжаттамамен бекітілген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң 500 орындық жатақханасын салу бойынша жұмыс көлемiн орындау.
1. Құны: 5920000 мың теңге (бec миллиард тоғыз жүз жиырма миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 44-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық жерлерде және Алматы қаласында білім беру сапасын көтеру үшiн жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: білім беру нысандарын салу және қайта құру үшiн Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және Алматы қаласының бюджетiне трансферттер бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: ведомстводан тыс мемлекеттік сараптау заңнамалық тәртiбінде хаттамаланған жобалық сметалық құжаттамаларға сәйкес білім беру нысандарын салу және қайта құруы жұмыстарының көлемiн атқару.
Ескерту: *) "2004 жылға арналған Республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысының 2 қосымшасына сәйкес инвестициялық жобалар тiзбесi, сондай-ақ заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң шешiмiне сәйкес жобалар бойынша бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес шаралар, республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелер сипатын бiлдiретiн сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
200-қосымша
225-Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Орта кәсiптiк білімдi мамандар даярлау"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 519963 мың теңге (бес жүз он тоғыз миллион тоғыз жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 13, 29, 33, 37-баптары, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы, "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берiлетiн әлеуметтiк көмектiң мөлшерi мен көздерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" қаулысы, "Жолаушылар мен жүк тасымалдаудағы қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенi жетiлдiру Тұғырнамасы туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 594 қаулысымен бекітілген 2000 жылға арналған Қазақстан Республикасының Көлiк қауiпсiздiгiнiң деңгейiн көтеру жөніндегі ведомствоаралық шаралары жоспарының 1 бөлiмiнiң 11-тармағы, "Жолаушылар мен жүк тасымалдаудағы қаупсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенi жетiлдiру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1962 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке адамның интеллектуалдық мәдени және адамгершiлiк дамуының сұраныстарын, кәсiптiк орта білім алуын және таңдаған кәсiптiк қызметiнде біліктілікке жетуiн қанағаттандыру, қоғамның кәсiптiк орта білімдi біліктi мамандарға деген әлеуметтiк-экономикалық сұраныстарын қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жабдықтар сатып алу, ел үшiн аса маңызды ерекше мәнi бар кәсiптiк орта білім беретiн оқу орындарында мамандар даярлауға қажеттi жағдайлар жасау.
ҚР Үкіметінің 09.07.04 ж. № 197л қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік және халықаралық стандарттар талаптарына жауап бере алатын еңбек рыногiнде бәсекелестiк қабiлетi бар біліктi мамандар оқытып шығару.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
201-қосымша
225-Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Білім беру саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 86245 мың теңге (сексен алты миллион екi жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 9-бабы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы "Дене тәрбиесi және спорт" Заңының 25-бабы, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық қорғау министрлiктерi жүйесiнiң ұйымдарын басқаруды жетiлдiру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысы, "12 жылдық білім проблемаларының Республикалық ғылыми-практикалық орталығын" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi № 839 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім жүйесiн жетiлдiрудiң теориялық-методологиялық негiздерiн жасау, инновациялық әдiстер мен қамтамасыз етудi әзiрлеу, гендерлiк білім проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеулер, реформалау процесiн ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк орайластыру, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары білімдi қолдау және дамыту қызметi, педагогикалық ғылымның жемiстi ұйытқысын сақтау әрi дамыту, оның республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы рөлiн көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: реформалау процесіндегі ғылыми-әдiстемелiк орайластыру, орта, кәсiптiк және жоғары білімдi қолдау және қызметiн қамтамасыз ету, дәстүрлi емес әдiстердiң адамның рухани әрi табиғи денсаулығына ықпал ету тәжiрибесiн зерттеу, педагогикалық ғылымның жемiстi ұйытқысын сақтау әрi дамыту, оның республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы рөлiн көтеру. 12 жылдық білімге көшу проблемалары бойынша қолданбалы ғылыми жұмыстар жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасында жалпы орта, бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк білімнiң қызмет етуiне ғылыми-педагогикалық жағдайлар жасау. Азаматтардың рухани және табиғи денсаулығын нығайту әрi сақтау, гендерлiк білім проблемалары саласында ғылыми зерттеулер жүргiзу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
202-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі