7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қоғам дамуының интеллектуалдық, мәдени және адамгершiлiк деңгейiн арттыру; кәсiптiк білім берудiң қолжетiмдiлiк деңгейiн көтеру.
1. Құны: 53261 мың теңге (елу үш миллион екi жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 20-бабы; "Білім" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы; "Ақыл-ой және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiктерi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiптiк еңбекпен оңалту республикалық орталығын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 31 наурыздағы № 305 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 19 сәуірдегі № 604 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүмкiндiктерi шектеулi балалардың білім, кәсiптiк дайындық алуы және әлеуметтiк бейiмделуi үшiн арнаулы білім бағдарламаларымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: даму мүмкiндiктерi шектеулi, дамуында проблемалары бар балаларды тексеру мен консультациядан өткізу. Дамуында туғаннан кәмелетке жеткенше проблемалары бар балаларға түзету-оңалту және емдеу-сауықтыру көмегін көрсету. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалардың интеллектуалдық және психофизиологиялық мүмкiндiктерiн дамыту. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiптiк еңбекпен оңалту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жаңа озық психодиагностикалық және консультативтiк технологияларды игеру және енгізу. Балалардың сәби кезіндегі психикалық даму скринингiн ұйымдық-нормативтiк қамтамасыз етудi әзiрлеу. Ерте араласу бағдарламасын iске асыру. Жаңа ақпараттық технологиялар негiзiнде Қазақстан Республикасы бойынша дамуында ауытқуы бар балаларды есепке алудың статистикалық тиiмдi жүйесiн қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
204-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мәдениет пен өнер саласында үзiлiссiз оқуды қамтамасыз ету"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 903924 мың теңге (тоғыз жүз үш миллион тоғыз жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 22, 25, 36, 40-баптары; "Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 наурыздағы № 269 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1782 қаулысы; "Жекелеген жоғары оқу орындарының атауларын ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 29 маусымдағы № 892 қаулысы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1619 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет пен өнер саласындағы ұлттық мәдениеттi жоғары біліктi мамандармен қамтамасыз ету: концерттiк ұйымдарда, оқу мәдени-ағарту орындарында музыканттарды орындаушы-солист, музыкалық театрлар оркестрiнiң әртiстерi, дирижерлер, сазгерлер, музыкатанушылар, музыкалық фольклор мамандары ретiнде жұмыс iстету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi:
музыкалық білiм берудiң бастауыш, орта, жоғары буындарын әдiстемелiк бірiктiру;
типтiк және өзгермелi эксперименттiк оқу жоспарлары мен бағдарламалары негiзiнде үздiксiз оқу процесiмен қамтамасыз ету;
жүйенiң барлық буындарына ортақ орындаушылық және педагогикалық мектептер қалыптастыру;
оқытудың жаңа прогрестiк әдiстерiн енгізу және талдау;
ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдiстемелiк жұмыс;
педагогика, музыкалық мәдениет мәселелерiнiң негiзгi талдауларын жүзеге асыру;
музыкатануға қатысты әдебиеттер шығару;
Қазақстан территориясында тұратын халықтардың музыкалық мәдениетiмен байланысты халықтық-дәстүрлi жанр мамандықтарын дамыту.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қоғам дамуының интеллектуалдық және мәдени деңгейiн көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
205-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Балаларды оңалту"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 107696 мың теңге (бір жүз жетi миллион алты жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 15, 50-баптары, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 маусымдағы Заңының 37-бабы, "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 маусымдағы № 905 қаулысы, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң жекелеген ұйымдарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 17 мамырдағы № 533 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалардың денсаулығын жақсартуға бағытталған емдеу-профилактикалық және сауықтыру шараларын жетiлдiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлi облыстарынан келген әлсiз және ауыру балаларды, жетiм балаларды республиканың экологиялық апатты аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етiлген және көп балалы от басынан шыққан балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: созылмалы аурулар жөніндегi дәстүрлi әдiстермен балаларды біртiндеп сауықтыру, қалпына келтiру, емдеу жұмыстарын тұрақты жүргiзiп отыру, мамандандырылған жәрдем, балалардың өмiрi мен денсаулығына бақылау, табиғи әдiстермен сауықтыру, балаларды салауатты өмiр салтына тарту және өзiнiң денсаулығы мен өзгелердiң денсаулығына қамқорлықпен қарауға үйрету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
206-қосымша
225 - Казақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жоғары және жоғары оқу орынынан кейiнгi кәсiптiк
білімдi мамандар даярлау"
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 10868336 мың теңге (он миллиард сегiз жүз алпыс сегіз миллион үш жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 13, 36, 43, 46-баптары, "Білім" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қырқүйектегi № 448 Жарлығы, "Мемлекеттік білім гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 қарашадағы № 1781 қаулысы, "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн құрудың жаңа үлгiсi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 қаулысы, "2003/2004 оқу жылында ел iшiнде кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк жоғары білімдi мамандар даярлауға қаражатты республикалық бюджеттен алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк орта білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырыстарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 22 мамырдағы № 477 қаулысы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясының Жоғары білім жөніндегі мемлекеттік комитетi арасындағы "Байқоңыр" кешенi үшiн ғарыштық техника саласында Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан мамандар даярлау туралы 1999 жылғы 4 тамыздағы Келісім, "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясының Жоғары білім жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы" 1993 жылғы 23 сәуірдегі Келісім, Қазақстан Республикасында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетiнiң филиалын құру туралы Астана қаласында 2000 жылғы 9 қазанда қол қойылған Хаттама, "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы шiлдедегi № 648 Жарлығы, Қaзақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы қарашадағы № 1398 қаулысымен бекітілген ерекше мәртебесi бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгiлiк Ереже, "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық "Болашақ" стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және тағайындау туралы Ереженi және шетелде кадрлар даярлау туралы республикалық Комиссияның ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы, "Шет елде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық "Болашақ" стипендияларын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы қарашадағы № 1394 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 337 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы Ереже, "Жоғары оқу орындарындағы студенттердi (курсанттарды) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда әскери дайындықтан өткізу және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердi (курсанттарды) әскери дайындықтан өткізу белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесi туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысы, "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы.