2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 190-219 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 28.04.04 ж. № 481; 28.05.04 ж. № 583; 23.06.04 ж. № 197к; 09.07.04 ж. № 197л; 07.10.04 ж. № 1041; 2004.15.12. № 197ам; 2004.30.12. № 197ааа қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджепiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халық шаруашылығының салаларын жоғары біліктi мамандармен және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерi үшiн запастағы офицерлермен камтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жоғары кәсiптiк білімдi мамандарды өтеусiз негiзде сапалы даярлау; жоғары оқу орындарының студенттерiн запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өткізу; жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау, студенттердiң, аспиранттардың және докторанттардың тамаққа, жатын орынға жұмсайтын және оқу процесiн қамтамасыз ету үшiн оқу-әдiстемелiк әдебиетiн сатып алу шығындарын iшiнара өтеу.

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

  

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: кәсiптiк жоғары білім алу үшiн мемлекеттік білім гранттарын беру жолымен кәсiптiк білімге қол жетiмдiлiк деңгейiн арттыру; қоғам дамуының интеллектуалдық, мәдени және адамгершiлiк деңгейiн арттыру; республиканың запастағы офицерлерге қажеттiгiн қамтамасыз ету; кәсiптiк жоғары білім алу кезеңiнде студенттердi әлеуметтiк қолдау; ғылым кандидаттары мен докторларын кандидаттық диссертацияларға дайындалу, ғылыми зерттеулер жүргiзу кезеңiнде стипендиямен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

207-қосымша

225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Жоғары кәсiби білімдi мамандар даярлауда мемлекеттік

кредит берудi ұйымдастыру"

деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 17582 мың теңге (он жетi миллион бес жүз сексен екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандар даярлауды мемлекеттік білімдiк несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 1018 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінiң "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 қазандағы № 1523 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік білімдiк несиелендiру процесiн қамтамасыз ету, республика бюджетiнен бөлiнетiн несиелендiру процесiн қамтамасыз ету, республика бюджетiнен бөлiнетiн несиелендiру қаражатын тиiмдi пайдалану.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандар даярлау жөніндегі несиелендiрудiң, банк операцияларын жүзеге асыру; несие ресурстарын одан әрi өтеу үшiн қарыз алушылардың банкiн құру; несие қаражатын республикалық бюджетке қайтаруды бақылау, мемлекеттік білімдiк және студенттiк несиенi өтеуден жалтарған жағдайда наразылық-талап жұмыстарын жүргiзу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

   

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жоғары оқу орындарының есеп шотына несие қаражатын уақтылы түсiрiп отыру; бекітілген тәртiп бойынша несиелiк қаражаттардың бюджетке қайтарымдылығын қамтамасыз ету.