5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тестiлеу теориясы мен методологиясы бойынша ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзу, мемлекеттік жалпыға мiндеттi білім стандарттары мен оқу-бағдарламалық құжаттамалар тәртібін сақтауды әзiрлеу және талдау. Денешынықтыру мен спорт бойынша бағдарламалар мен ұсынымдар әзiрлеу. Республика білім ұйымдарында 12 жылдық оқу мерзiмi енгiзiлген мектептердiң бастапқы саты үлгiсiн сынау бойынша эксперименттiк жұмыс бағдарламасын iске асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтшетiн нәтижелер: қазiргі сабақ беру әдісiнiң білім практикасына оқу-әдiстемелiк құралдар әзiрлеу және енгізу, мұның өзi білім ұйымдарында оқытудың сапалық деңгейiн жақсартады. Бастауыш және орта кәсiптiк, жоғары кәсiптiк мамандықтар бойынша стандарттар әзiрлеу. Жаңа оқу-әдiстемелiк құралдар әзiрлеу және енгізу. Жаңа ақпараттық технологияларды ескере отырып оқу-әдiстемелiк әзiрлемелердi оқу процесіне, сондай-ақ денешынықтыру мен спортты дамытуға енгізу. Салауатты өмiр салтын насихаттау, ақпаратты арттыру, бiлім алушылардың мiнез-құлқын өзгерту, ВИЧ iндетiнiң алдын алу саласында білiм сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
212-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мамандандырылған білім беру
ұйымдарында оқитын мүгедек балаларды сурдо- және тифлоқұралдармен
қамтамасыз етуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне берiлетiн мақсатты трансферттер"
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 112165 мың теңге (бip жүз он екi миллион бір жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 20-бабы, "Мүмкiндiгi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 6-бабы, "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 9-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: естiмейтiн және нашар еститін, көрмейтiн және нашар көретiн балаларды сурдо- және тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: саңырау және нашар еститiн, көрмейтiн және нашар көретiн балаларды оқумен қамтамасыз етуге, олардың ой-зердесiн кеңейтуге, әлеуметтiк-тұрмыстық бейiмделу деңгейiн көтеруге, үлкен және шағын кеңiстiкте көрмейтiн нашар көретiн балаларды бағдарлауға, есту қабiлетi бұзылған балалардың есту функциясын зерттеуге қажеттi сурдо- және тифлотехникалық құралдар сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: *бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде есту және көру қабілетi бұзылған адамдардың ақпараттық кеңiстiкке жол ашуы қамтамасыз етіледi, түзету дамытушы білім берудiң сапасы қамтамасыз етiледi, әлеуметтiк бейiмделу деңгейi көтерiледi, есту мен көру бойынша мүгедектiктiң алдын алуға, есту және көру қабiлетi бұзылған балаларды ерте оңалтуға мүмкiндiк ашылады.
Ескерту: *республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттердi игеру шеңберiнде iске асырылатын шаралар тiзбесi, күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
213-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Бірыңғай ұлттық тестiлеу жүйесiн жасау"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 385344 мың теңге (үш жүз сексен бес миллион үш жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 35-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оқу жетiстiктерiнің жоғары сапасын қамтамасыз ететiн сыртқы тәуелсiз жүйесін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бірыңғай өлшеу материалдарының көмегi арқылы білім сапасын мемлекеттік бақылауды және басқаруды қамтамасыз ету, білім сапасын бағалаудың, әдiлдiгiн, нақтылығын арттыру, кәсiптiк жоғары және орта білім беруге жол ашуда әлеуметтiк әдiлдiктi қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: білім беру ұйымдарының қызметiне әдiл баға берiледi және олардың нақты рейтингi айқындалады. Нәтижелердiң ашықтығы арқылы жалпы орта білім проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
214-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2004 жылға арналған
"Жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердiң үлгi штаттарын
ұстауды қамтамасыз етуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты трансферттер"
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 2731921 мың теңге (екi миллиард жетi жүз отыз бір миллион тоғыз жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 41-бабы, "Білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiн қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім беру ұйымдарының үлгiлiк штаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiне сәйкес білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң қосымша штаттық бірлiктерiн енгізудi қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттердi қаржылай қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
* білім беру мекемелерiнiң үлгiлiк штаттарын енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулысын орындау.
*) республикалық бюджет есебiнен трансферттердi жұмсауды iске асыру жөніндегі шаралардың тiзiмi, күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштерi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
215-қосымша
225 - Казакстан Республикасынын Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жаңадан пайдалануға берiлетiн білім беру объектілерін ұстауға
облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне
берiлетiн мақсатты трансферттер"
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 1141080 мың теңге (бір миллиард бір жүз қырық бір миллион сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 43-бабы; "Білім" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы; "Білім ұйымдары желісінiң мемлекеттік кепiлдi нормативi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы № 300 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мектеп жасындағы балаларды мектептегi оқумен қамту, білім беру қызметiнiң қолжетiмдiлiгiн кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сәйкес шешiмiне сәйкес білім ұйымдары желісін кепiлдi нормативпен қамтамасыз ету үшiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiн қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: * білім желiлерiнiң кепілдi нормативiне сәйкес мектептердің, интернаттық мекемелерiнiң желісін сақтау әрi дамыту. Оқу процесiн жалпы орта білім беретiн Мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттарға сәйкес жүргiзу.
*) республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттердi игеру шеңберiнде iске асырылатын шаралар бағдарламасының паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
216-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) ұстауға ақшалай
қаражатты төлеу үшiн облыстық бюджеттерге,
Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне
берiлетiн мақсатты трансферттер"
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 244682 мың теңге (екi жүз қырық төрт миллион алты жүз сексен екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 123-бабы, "Патронат туралы ережелердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегi № 1346 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жетiм балаларды және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды асырап алған азаматтарға көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жетiм балаларды және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды асырап алған азаматтарға көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығымен мүддесiн қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру.
Ескерту: * республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттердi игеру шеңберiнде iске асырылатын шаралар тiзбесi, күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
217-қосымша
225 - Казақстан Республикасынын Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Білім беру объектілерін сейсмотұрақтылығын күшейту
үшiн Алматы қалалық бюджетiне берілетiн мақсатты инвестициялық
трансферттер"
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 500000 мың теңге (бec жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 44-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы қаласы бойынша білім беру ұйымдары нысандарына сейсмологиялық берiктiк жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Білім беру нысандарының сейсмологиялық берiктiгi үшiн Алматы қаласының бюджетiне республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік сараптамадан өткен және заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама; бөлiнген қаражатты бөлу туралы және заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес Алматы қаласы әкімінiң шешiмiне сәйкес тiзбе бойынша Алматы қаласының білім беру нысандарын сейсмологиялық берiктiгiн күшейту.
Ескерту: *) бөлiнген қаражатты бөлу туралы Алматы қаласы әкімінiң шешімiне сәйкес нысандар тiзбесi, белгiленген тәртiппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама бойынша шаралар, республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелер сипатын бiлдiретiн сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
218-қосымша
225 - Казақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде
орта кәсiби оқу орындарында оқитын студенттерге стипендияларының мөлшерiн
ұлғайту үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық
бюджеттерiне берiлетiн
мақсатты трансферттер"
деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 190533 мың теңге (бір жүз тоқсан миллион бес жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 36-бабы, "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындаудың және төлеудiң тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк білім беру ұйымдарында білім алатын оқушыларды әлеуметтiк қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: оқу процесiн қамтамасыз ету үшін оқушылардың тамақтануына, жататын орнына және оқу-әдістемелiк әдебиет сатып алуына жұмсалатын шығыстарды iшiнара өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: орта кәсiптiк білiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қолдау.