2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 190-219 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 28.04.04 ж. № 481; 28.05.04 ж. № 583; 23.06.04 ж. № 197к; 09.07.04 ж. № 197л; 07.10.04 ж. № 1041; 2004.15.12. № 197ам; 2004.30.12. № 197ааа қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

Ескерту: * республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттердi игеру шеңберiнде iске асырылатын шаралар тiзбесi, күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

219-қосымша

225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

Паспорты

1. Құны: 1184 мың теңге (бір миллион бір жүз сексен төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы, "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы, Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 8 шiлдедегі № 736 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен жасөспiрiмдер нашақорлығының әлеуметтік алдын алу жүйесін қалыптастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: кәмелетке толмағандар мен жасөспiрiмдер арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі әлеуметтік мақсатты шаралар кешенін жүзеге асыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

  
  р/с
   N 
     
     
     
Бағ-
дар-
лама
коды
    
Кiшi
бағ-
дар-
лама
коды
     Кiшi    
 бағдарлама- 
   лардың    
   атауы     
             
 Бағдарламаны іске 
 асыру жөніндегі   
    іс-шаралар     
                   
                   
 Іске  
 асыру 
мерзімі
       
       
 Жауапты       
 орындау-      
  шылар        
               
               
  1    2    3         4                5             6        7          
  1  104        Нашақорлыққа  Оқу саласының бағ-  Жыл бойы Қазақстан     
                және есірткі  дарламасы бойынша            Республика-   
                бизнесіне     оқу құралдарын әзір-         касының Бі-   
                қарсы күрес   леу- Нашақорлықтың           лім және      
                              алдын алу проблема-          ғылым ми-     
                              лары бойынша педа-           нистрлігі     
                              гогикалық кадрлар                          
                              үшін білім алушы-                          
                              лардың семинарларын                        
                              өткізу-                                    

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: салауатты өмір салтын насихаттау, мектептер кәсіптік мектептер (лицейлер), колледждер оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында нашақорлықтың алдын алу.