Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 24 ақпандағы № 220 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 24 ақпандағы № 220 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 674 Қаулысымен күші жойылды

 

Осы қаулыға түсініктемені қара

Отандық автомобиль өнеркәсiбiн дамыту үшiн қосымша инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. «Тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 42, 440-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгізiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiнде:

«СЭҚ TH коды» деген бағандағы «8702-8704» деген сандар мынадай редакцияда жазылсын:

«8703** - жолда

көрсетiлген тауарлардан

басқа, 8702-8704»;

«
 
 
 
    деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
 
 
 

"** Осы тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерi тек iрi көлемдi инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде өндiрiлген 8703, 8706-8708 тауар позицияларына ғана қолданылады.

Бұл ретте iрi көлемдi инвестициялық жоба деп тауар өндiрiсiнің басталатын күнiне негiзгi капиталға кемiнде 1 млрд. теңге инвестициялаған заңды тұлға жүзеге асыратын қазiргi заманғы автомобиль көлiгi құралдары мен автомобиль бөлшектерiн шығару үшiн өндiрiс қуаттарын құру немесе дамыту жөніндегі жоба ұғынылады.

Инвестициялардың көлемiн аудиторлық есеппен растау қажет.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының