2004 жылға арналған мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және
пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 ж. 17 наурыздағы № 328 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.08.04 ж. № 888 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
"Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2004 жылға арналған көлемдері:
мемлекеттік азық-түліктік астық резерві:
2004 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге - 600000 (алты жүз мың) тонна мөлшерінде;
2004 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсан кезеңіне - 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерінде;
мемлекеттік жемдік астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде;
мемлекеттік тұқым ресурстары 85000 (сексен бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде;
мемлекеттік сатылатын астық ресурстары 100000 (бір жүз мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 23.08.04 ж. № 888 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. 2004 жылы пайдалану көлемі:
мемлекеттік жемдік астық ресурстары 1 000 (бір мың) тоннаға дейінгі мөлшерде;
мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 85 000 (сексен бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |