Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын
халықаралық қаржы ұйымдарының және шетел эмитенттеріне
арналған ең төменгі рейтингтің тізбесін белгілеу туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 ж. 9 ақпандағы № 25 қаулысы
(2006.25.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.25. 02. № 45 Қаулысымен атауы өзгертілді
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.25. 02. № 45 Қаулысымен кіріспе өзгертілді
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағындағы е-1)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Екінші деңгейдегі банктердің мәмілелерді мынадай халықаралық қаржылық ұйымдардың облигацияларымен жүзеге асыруы мүмкін екендігі белгіленсін:
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Devolopment);
2) Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
3) Азия даму банкі (Asian Devolopment Bank);
4) Африка даму банкі (the African Devolopment Bank);
5) Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Devolopment);
6) Америкааралық даму банкі (the Inter-American Devolopment Bank);
7) Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);
8) Ислам даму банкі (the Islamic Devolopment Bank);
9) Скандинавия инвестициялық банкі ((the Nordic Investment Bank);
10) Еуропа кеңесінің даму банкі (the Council of Europe Devolopment Bank).
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.25. 02. № 45 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды