7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындау; мемлекеттік қызметкерлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындау үшiн кәсiби білімдерi мен дағдыларын тереңдету; денсаулық сақтау саласында халыққа медициналық қызмет ету жүйесін жетiлдiру; мәліметтерді жинау, жедел тапсырмаларды өңдеудiң орташа уақыты мен ұқсас ақпараттық анықтамаларды беру мерзiмдерiн қысқарту, oблыстардан статистикалық есептi (жылдық есеп 18 күнге дейiн; тоқсандық - 3 күнге дейiн) қабылдау кезеңiн азайту; бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ғимаратының мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен, жобалау-сметалық құжаттамасы және оған күрделi жөндеу жүргізу, сондай-ақ Iшкi байланысты жақсарту; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен аумақтық органдар үшiн есептеу техникасын сатып алу.
1. Құны: 89473 мың теңге (сексен тоғыз миллион төрт жүз жетпiс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 24, 35, 43-баптары; Қазақстан Республикасының 2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму Стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республика азаматтарының денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында денсаулық сақтау саласын біліктi орта медициналық және фармацевтикалық білімдi мамандармен қамтамасыз ету, халыққа жоғары біліктi медициналық көмек көрсету, салауатты өмiр салтын қалыптастыруды насихаттау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімдi мамандарды даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: бастапқы медициналық-санитарлық көмек, балалардың және әйелдердi босандыру жөніндегі емдеу-алдын алу ұйымдары, санитарлық-эпидемиологиялық және зертханалық қызметтер, обаға қарсы күрес станциялары, туберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансерлер, геронтологиялық ұйымдар, хоспистер, ЖҚТБ орталықтары және басқа да республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының орта медициналық білімді мамандарға деген сұранысын қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
222-қосымша
ҚР Үкіметінің 28.05.04 ж. № 197г қаулысымен 222-қосымша өзгертілді
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк
білімдi мамандар даярлау"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1842173 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз қырық екі миллион бір жүз жетпiс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 26-бабы, "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шiлдедегi № 648 Жарлығы; "Мемлекеттік білім беру гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 қарашадағы № 1781 қаулысы; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік білім беру тапсырысы негiзiнде жоғары оқу орындарының студенттер контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 қаулысы, "Ел iшiнде республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк орта білімдi, кәсiптiк жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандарды даярлауға 2003/2004 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 мамырдағы № 477 қаулысы, "Білім беру қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысы, "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары oқу орындарының студенттерін (курсанттарын) әскери даярлау, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы ережелердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысы, "Ерекше мәртебесi бар оқу орындары жөніндегі типтiк ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы; "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімдi мамандармен қамтамасыз ету, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттердi және жоғары оқу орындарына 1999 жылға дейiн мемлекеттік тапсырыс бойынша түскен студенттердi стипендиямен қамтамасыз ету; С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнiң ерекше мәртебесiн қолдау үшiн коэфициенттi көтеретiн ақы төлеу, жоғары оқу орындарының студенттерiнен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн республиканың запастағы офицерлерге деген қажеттілігiн қамтамасыз ету; кандидаттық және докторлық диссертация қорғау кезiнде және клиникалық ординатурада оқу кезiнде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын ғылыми кадрларды стипендиямен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1999 жылға дейiн және қайтарымсыз негiзде мемлекеттік білім беру гранты бойынша түскен жоғары медициналық білімдi кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, білім беру бағдарламаларын жетiлдiру, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу, кәсiптiк білім беруге қол жеткізу деңгейiн арттыру; С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнiң басшы қызметкерлерi мен ғылыми-педагог кадрларының белгiленген жалақыларына коэфициентті көбейтетiн ақы төлеуге байланысты шығындарды субсидиялау; запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттерiн әскери даярлау; 1999 жылға дейiн түскен және білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге стипендия төлеу, осы заманғы талаптарға сәйкес жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау; мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша оқитын ғылыми кадрларға стипендия төлеу; мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту, мемлекеттік жоғары медициналық білім беру ұйымдарына күрделi жөндеу жүргiзу.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жалпыға мiндеттi Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес жоғары кәсiптiк білімдi мамандарды уақтылы және тиiмдi даярлау, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлау; мемлекеттік білім беру гранттарын беру арқылы кәсiби білімге қол жеткізудi арттыру; республиканың запастағы офицерлерге қажеттілігiн қамтамасыз ету; 1999 жылға дейiн түскен және мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын студенттердi, сондай-ақ докторанттарды, аспиранттар мен клиникалық ординаторларды даярлау кезiнде әлеуметтiк қамтамасыз ету; жоғары медициналық білімдi мамандарды даярлаудың сапасын арттыру үшiн жағдай жасау. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының жатақханаларын материалдық-техникалық жарақтандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
223-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жоғары кәсiби білімдi мамандар даярлауда мемлекеттік
білім берудi кредиттеу"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 153215 мың теңге (бip жүз елу үш миллион екi жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 25-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға мемлекеттік білім несиесiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi № 1018 қаулысы; "Ел iшiнде республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсiптiк орта білімдi, кәсiптiк жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлауға 2003/2004 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 мамырдағы № 477 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім беру қызметiн несиелендіру жолымен денсаулық сақтау саласын жоғары медициналық білімдi біліктi мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік білім несиесiн беру шеңберiнде жоғары медициналық білімдi мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету; мемлекеттік білім несиесi бойынша оқып жатқан оқушыларға стипендия төлеу үшiн мақсатты процентсiз несие беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттік жалпыға мiндеттi стандарттардың талаптарына сәйкес мемлекеттік білім берудi несиелендiру шеңберiнде жоғары кәсiптiк білімдi мамандарды уақтылы және тиiмдi даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
224-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта
жаңартуға облыстық бюджеттерге берiлетiн мақсатты
инвестицциялық трансферттер"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4022600 мың теңге (төрт миллиард жиырма екі миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөнiндегі бірiншi кезектегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттiрмейтiн шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысы; "Жамбыл облысындағы зiлзала салдарын жою және әлеуметтiк маңызды объектiлердi қалпына келтiру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 8 тамыздағы № 793 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2004-2006 жылдарға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.