2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы (220-250 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 28.05.04 ж. № 197г; 23.06.04 ж. № 197к; 21.06.04 ж. № 684-1; 27.08.04 ж. № 197р; 16.11.04 ж. № 197ч; 01.12.04 ж. № 1247; 2004.24.12. № 197ау қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Арнайы медицина резервiн сақтау"

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 13714 мың теңге (он үш миллион жетi жүз он төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 28-бабы; "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 1-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегi № 944 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының медициналық қызмет мекемелерi мен құрылымдары үшiн арнайы құрылымдардың жұмылдыру дайындықтарын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесі органдары мен мекемелерiнiң практикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылығымен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жұмылдыру резервiнiң мүлiктерiн жиынтықтау, жаңарту және ауыстыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 16 қыркүйектегi № 944 Жарлығына сәйкес құрылған жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау жүйесiнiң мекемелерi мен құрылымдарын басқару органдарына республиканың масштабтарында әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету.

ҚР Үкіметінің 2004.24.12. № 197ау қаулысымен 6-тармақ толықтырылды

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

    
 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiнiң жұмылдыру дайындығын арттыру. Сақтау жағдайын, мүлiктiң сақталу дәрежесiн жақсарту. Ерекше кезеңде құрылған және әскери уақытта арнайы бөлiнгендердiң санынан оларды медицина кадрларымен толықтырған денсаулық сақтау мекемелерi мен құрылымдарының жұмылдыру қорларын мүлiктермен жарақтандыру пайызын арттыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына

228-қосымша

226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1122696 мың теңге (бір миллиард бір жүз жиырма екi миллион алты жүз тоқсан бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 22, 26-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 47-баптары; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптауды ұйымдастыру және өткізу ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 наурыздағы № 287-9 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: практикалық денсаулық сақтау саласында мiндеттердi шешу үшiн жаңа технологияларды әзiрлеу және қолдану, медицина ғылымының басым бағыттарын дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: практикалық денсаулық сақтаудың мынадай негiзгi бағыттары бойынша диагностикалаудың, емдеудiң, оңалтудың, сауықтыру бағдарламаларының жаңа әдiстерiн әзiрлеу және сынау: терапия, неврология, нейрохирургия, педиатрия, акушерлiк пен гинекология, эндокринология, дерматовенерология, хирургия, урология, травматология және ортопедия, офтальмология, онкология, онкогематология, стоматология, оториноларингология, аллергология мен клиникалық иммунология, еңбек гигиенасы мен кәсiби аурулар, республикада денсаулық сақтауды басқару мен ұйымдастыру, нашақорлық, уытқұмарлық, маскүнемдiк және басқа да психоактивтiк заттарға тәуелдiлiктiң түрлерi, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, радиациялық медицина, жаңа бәсекеге қабiлеттi отандық препараттарды әзiрлеу, бағдарламалардың жобалары мен ғылыми-техникалық бағдарламалардың нәтижелерiн мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау.

ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 197р қаулысымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

    
 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: емдiк-диагностикалық iс-шаралар мен алдын алу шараларының тиiмдiлiгін арттыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына

229-қосымша

226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету"

деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 4226867 мың теңге (төрт миллиард екi жүз жиырма алты миллион сегiз жүз алпыс жетi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегі Заңының 21-бабы; "Психиатриалық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5 , 17, 41, 42, 44-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектер мен соларға теңестiрiлген адамдарды әлеуметтiк қорғау және жеңiлдiктер туралы" Заң күшi бар 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Жарлығының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің Халық денсаулығы мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жiберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы; "Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының шұғыл медициналық көмек қызметiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 27 қыркүйектегi № 1068 қаулысы; "Төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі Қазақстан Республикасының халқына медициналық-санитарлық көмектi ұйымдастыруды жетілдiру жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысы; "Айналадағыларға қауiп төндiретiн әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 наурыздағы № 468 қаулысы; "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135 қаулысы; "Медициналық көмекке арналған шығындардың орнын толтыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысы; "Бекітіленген тариф бойынша медициналық қызметтердi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 7 ақпандағы № 138 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықты жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен, сондай-ақ мемлекеттік республикалық мекемелерде медициналық көмекпен қамтамасыз ету; республиканың медицина ұйымдарында бұрын емделiп, жүргiзiлген терапиядан оң нәтиже алмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасында қолданылмайтын емдеудiң қосымша немесе жаңа әдiстерiн қолдану арқылы шетелдiк медицина ұйымдарында емдеуден өту мүмкiндiктерiн ұсыну.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: азаматтарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; психикалық аурудан, алапестен зардап шегушiлерге, сондай-ақ Отан соғысы мүгедектерiне арналған республикалық клиникалық госпитальдiң контингентiне медициналық көмек көрсету; төтенше жағдайға ұшырағандарға медициналық көмек көрсету; амбулаториялық, емдеу-диагностикалық және оңалту iс-шараларын орындау; Қазақстан Республикасында емдеудiң барлық әдiстерi қолданылған қазақстандық азаматтарды шетелдiк клиникаларда уақытындағы жоғары біліктi медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к 01.12.04 ж. № 1247 қаулыларымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.