ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы азаматтарының диагностика мен емдеуге байланысты ауруларда (28826 жатқызу жағдайы кезіндегі орташа жылдық болжау) жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету; практикалық денсаулық сақтауда диагностикалау мен емдеудiң тиiмдi әдiстерiн енгізу. Қолда барлардың моралдық және физикалық тозуын есепке ала отырып, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық құралдарының паркiн кезең-кезеңмен модернизациялау үшін 1029 бірлiк қымбат тұратын медициналық, диагностикалық, емдеу-диагностикалық, зертханалық және медициналық емес құралдарды, автокөлiктердi және компьютерлiк техникаларды алу, озық технологияларды енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
230-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және
санитарлық-сауықтыру медициналық көмек көрсету"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 905861 мың теңге (тоғыз жүз бес миллион сегiз жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 18, 44-баптары; "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; "2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттiрмейтiн шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысы; "Халыққа тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: туберкулез бойынша көрсеткiштердi тұрақтандыру, өлiм-жiтiмдi, мүгедектікті азайту, туберкулезбен ауыратын балалар мен ересектердi оңалту және сауықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: туберкулезбен ауыратын науқастарға мамандандырылған жоғары біліктi емдеу-диагностикалау көмегiн көрсету. Организмнiң бұзылған функцияларын қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргiзу.
ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 197ч қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: эпидемиологиялық жағдайларды тұрақтандыру; аурушаңдық, мүгедектiк және өлiм-жiтiм көрсеткiштерiн жақсарту; туберкулездiң жұқпалы түрiмен қайтадан ауырған науқастардың жазылып шығу көрсеткiшiнiң өсуi; туберкулез микробактерияларының тұрақты штамдарының басқа адамдарға берiлу қаупiн азайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
231-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ана мен баланы қорғау"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 880817 мың теңге (сегiз жүз сексен миллион сегiз жүз он жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 54, 55-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 25, 26, 33-баптары; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2030 жылға дейiн Қазақстанның Даму стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы практикалық денсаулық сақтауға диагностиканың, емдеу мен оңалтудың тиiмді әдістерiн әзiрлеу және енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: әйелдерге, балалар мен жасөспiрiмдерге, оның iшiнде республика өңiрлерiне мамандардың барып жоғары мамандандырылған, консультативтiк-диагностикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсетуi; орталық жүйке жүйесi зақымданған балаларға санаторийлiк, оңалту, сауықтыру көмегiн көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы азаматтарының диагностика мен емдеуге байланысты ауруларда (9945 жатқызу жағдайы кезіндегі орташа жылдық болжау) жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетiмдiлігін қамтамасыз ету; практикалық денсаулық сақтауда диагностикалау мен емдеудiң тиiмдi әдiстерiн енгізу. Қолда барлардың моралдық және физикалық тозуын есепке ала отырып, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық құралдарының паркiн кезең-кезеңмен модернизациялау үшiн 33 бірлiк қымбат тұратын медициналық, диагностикалық, зертханалық және медициналық емес құралдарды, автокөлiктердi және компьютерлiк техникаларды алу, озық технологияларды енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
232-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Халықты аурудың жекелеген түрлерi бойынша
дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3459320 мың теңге (үш миллиард төрт жүз елу тоғыз миллион үш жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi : "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 16, 34, 18, 54, 55, 44-баптары, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы, "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 1016 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 135 қаулысы; "Халықтың жекелеген санаттарына аурулардың түрлерi бойынша дәрiлiк заттармен және арнайы балалардың және емдiк тағамдарымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 5 мамырдағы № 674 қаулысы, "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: туберкулезбен, қант диабетiмен, онкологиялық аурулармен, созылмалы бүйрек ауруларымен және лейкемиямен (балалар) ауыратындарды емдеу үшiн денсаулық сақтау ұйымдарын дәрілiк препараттармен және шығын материалдарымен орталықтандырып қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: туберкулезбен аурушаңдықты тұрақтандыру және азайту, асқынған және асқынбаған туберкулезбен ауыратындарды емдеудiң тиiмдiлiгiн арттыру; онкологиялық науқастардың айығу көрсеткiштерiн көтеру, ремиссия мерзiмдерiн ұлғайту, ауру рецидивтерiнiң санын азайту; қант диабетiмен ауыратындардың өмiр сүру сапасын жақсарту, қант диабетi асқынуларының санын азайту; созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарды диализге арналған дәрiлiк заттармен және шығын материалдармен қамтамасыз ету, ауыстырып қондырылған бүйрек қызметiнiң өзгеруi жағдайын болдырмаудың алдын алу; толық ремиссияның (сауығу) жиiлiгiн арттыру, рецидивтердiң санын азайту, лейкемиямен ауыратын балалардың айығу көрсеткiштерiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: туберкулезбен, онкологиялық аурулармен, қант диабетiмен, созылмалы бүйрек ауруымен, балалардағы лейкемиямен, сондай-ақ бүйректi ауыстырып қондырғаннан кейiнгi күресуде емдеу-алдын алу жұмысының тиiмдiлiгiн сипаттайтын негiзгi көрсеткіштердi жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
233-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігiн
арттыру және қайта даярлау"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 222997 мың теңге (екi жүз жиырма екі миллион тоғыз жүз тоқсан жетi мың теңге).