2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы (220-250 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 28.05.04 ж. № 197г; 23.06.04 ж. № 197к; 21.06.04 ж. № 684-1; 27.08.04 ж. № 197р; 16.11.04 ж. № 197ч; 01.12.04 ж. № 1247; 2004.24.12. № 197ау қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экологиялық апат аудандарында тұратын халықты тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiмен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қызылорда облыстық бюджетiне Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету үшiн республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

    
 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: *Қызылорда облыстық бюджетiне Арал және Қазалы аудандарының тұрғындарына тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету үшiн республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.

Ескерту:

*) Республикалық бюджеттен берiлген трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспорттарында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына

246-қосымша

226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Денсаулық сақтау объектілерінiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн

Алматы қалалық бюджетiне берiлетiн мақсатты инвестициялық трансферттер"

деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 500000 мың теңге (бec жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезекті шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлығы; 2001 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстанның 2030 жылға дейiн даму Стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" № 735 Жарлығы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы қаласының денсаулық сақтау объектілерін сейсмологиялық тұрақтылығын күшейту.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: денсаулық сақтау объектілерін сейсмологиялық күшейту үшін Алматы қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

    
 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Алматы қаласының 9 денсаулық сақтау объектiсiн сейсмологиялық күшейтудi жүргiзу. Ескерту.

*) Бөлінген қаражаттарды бөлу туралы Алматы қаласы әкімінің шешіміне сәйкес объектілердің тізбесі, заңда белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына

247-қосымша

226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Шалқар ауданының халқына тегiн медициналық көмектiң

кепiлдi көлемiн көрсету үшiн Ақтөбе облыстық бюджетiне берiлетiн

мақсатты трансферттер"

деген 033 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 17122 мың теңге (он жетi миллион бір жүз жиырма екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы "Арал өңiріндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн бекіту туралы" № 135 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экологиялық апат аудандарында тұратын халықты тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiмен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Ақтөбе облыстық бюджетiне Шалқар ауданының тұрғындарына тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету үшiн республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

    
 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: *Ақтөбе облыстық бюджетiне Шалқар ауданының тұрғындарына тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету үшiн республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.

Ескерту.

*) Республикалық бюджеттен берiлген трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштердi iске асыру жөніндегі iс-шаралардың тiзбесi тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына

248-қосымша

226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде

орта кәсiптiк оқу орындарында оқитын студенттерге стипендияларының

мөлшерiн ұлғайту үшiн облыстық

бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттерiне

берiлетiн мақсатты трансферттер"

деген 034 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 28473 мың теңге (жиырма сегiз миллион төрт жүз жетпiс үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлығы; 2001 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстанның 2030 жылға дейiн даму Стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" № 735 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын біліктi орта медициналық білімдi мамандармен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде орта кәсiптiк оқу орындарында оқитын студенттерге стипендияларының мөлшерiн көбейтуге республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

    
 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: *облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде орта кәсiптiк оқу орындарында оқитын студенттерге стипендияларының мөлшерiн көбейтуге республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.

Ескерту.

*) Республикалық бюджеттен берiлген трансферттердi игеру шеңберiнде күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштердi iске асыру жөніндегі iс-шаралардың тiзбесi тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiледi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына

249-қосымша

226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Жергiлiктi деңгейдегi денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру үшiн

медициналық жабдықтарын

орталықтандырылған сатып алу"

деген 054 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 1138300 мың теңге (бір миллиард бір жүз отыз сегiз миллион үш жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" № 3956 Жарлығы; 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлығы; 2001 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстанның 2030 жылға дейiн даму Стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" № 735 Жарлығы;

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ өзгерді

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: науқастанулардың тиiмдiгi жоғары диагностикасын, профилактикасын және емдеудi жүргiзу үшiн облыстардың және Астана қаласының денсаулық сақтау ұйымдарын қажеттi қазiргi заманғы медициналық жабдықпен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жергiлiктi деңгейдегi денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық жабдықты сатып алу.

ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к; 16.11.04 ж. № 197ч қаулыларымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.

    

ҚР Үкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: облыстардың және Астана қаласының денсаулық сақтау ұйымдарын әлемдiк стандарттар деңгейіндегі қазiргi заманғы медициналық жабдықпен жарақтандыру жолымен науқастану диагностикасының, емдеудiң деңгейi мен сапасын арттыру, бұл науқастануды, мүгедектiктi және өлiм-жiтiмдi азайтуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына

250-қосымша

226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған

"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 623 мың теңге (алты жүз жиырма үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 16, 21-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғылыми конференция өткізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: анестезиология, психиатрия саласында, наркологиялық тәуелдiлiк пен бұзылуларды төмендету үшiн дәрiлiк заттарды пайдаланудың ғылыми негiздемесi.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

    
 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: наркологиялық препараттарды алмастыратын жаңа дәрiлiк заттардың өндiрiсiнде басымдық берiлетiн ғылыми-практикалық бағыттарды айқындау.