Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы № 32 қаулысы (2005.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы
Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы № 32 қаулысы

(2005.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 Қаулысымен күші жойылды

 

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының орталық депозитарийі туралы, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу туралы, Қазақстан Республикасындағы кастодиандық қызмет туралы ережелерді бекіту туралы" 1996 жылғы 29 шілдедегі № 944 қаулысының күші жойылған күннен бастап күшіне енеді.

3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.