Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Yкіметі арасындағы Мәдениет, ғылым және туризм саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасы (жоба) (2004 ж. 28 ақпан) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының
Yкіметі арасындағы Мәдениет, ғылым және туризм саласындағы ұзақ
мерзiмдi ынтымақтастық бағдарламасы

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 ақпандағы № 246 қаулысымен мақұлданды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Мәдениет, ғылым және туризм саласындағы ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық бағдарламасын қараңыз (Астана қ., 2004 ж. 1 наурыз)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзiрбайжан Республикасының Үкіметі (бұдан әрi - Тараптар),

Тараптар мемлекеттерi халықтарының арасындағы өзара достық қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға мүдделілікті назарға ала отырып,

өзара тиiмдi негізде екi мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдайларды көтермелеуге және жасауға ұмтыла отырып,

1996 жылғы 21 қазандағы Ташкент декларациясын iске асыру мақсатында, 1999 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын негiзге ала отырып,

мынадай салаларда ынтымақтасуға келiсті:

1. Жалпы ережелер

1.1 Осы Бағдарламаға енетiн қызметтің барлық түрлерi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

1.2 Осы Бағдарлама Тараптардың дипломатиялық арналары бойынша келісілетiн басқа да қызмет түрлерiн, сапарлар мен ұсыныстарды жоққа шығармайды.

1.3 Осы Бағдарламаның шеңберiнде ғылыми зерттеулер әзiрленiмдерiн өткізуге қатысты өтiнiмдер қатысушы Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы сапардың болжанған күнiне дейiн төрт ай бұрын берiлетiн болады. Өтінiмде жiберiлетiн адамдарға қатысты жалпы деректер, олардың болуының жоспарланған мерзiмдерi мен баратын орындары қамтылуға тиiс.

1.4 Осы Бағдарламаны iске асыруға қатысушы тұлғалар туралы ақпаратты қабылдаушы Тараптың уәкiлеттi органдарына дипломатиялық арналар арқылы жiберушi Тараптың уәкiлеттi органдары ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.