Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне барудың жиілігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің
2004 жылғы 4 наурыздағы № 212 бұйрығы
ҚР Десаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 2 маусымдағы № 318 Бұйрығымен күші жойылды
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне барудың жиілігі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
3. Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 ақпанда № 2161 тіркелген «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 13 қаңтардағы № 31 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 4 наурыздағы
Санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау объектілеріне
барудың жиілігін бекіту
туралы" № 212 бұйрығымен
бекітілген
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
объектілеріне барудың жиілігі
┌────────────────┬─────────┬─────────────────────────────────────────┐
│Объектінің атауы│Бір жылда│Бір жылда зертханалық-құрал-саймандық │
│ │жедел қа-│зерттеулердің жиілігі │