2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 54-102 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197и; 23.06.04 ж. № 197к; 20.08.04 ж. № 197п; 08.10.04 ж. № 197у; 27.10.04 ж. № 197ф; 2004.08.12. № 197аз; 2004.24.12. № 197ач; 2004.24.12. № 197аш; 2004.24.12. № 197ащ қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

19,7 мың га. көлемiнде Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру;

жабайы жануарлар мен құстардың тiршiлiк ортасын жақсарту, олардың санын көбейту, астана төңiрегінде демалуға арналған аймақтар құру;

шығатын орман өнімдерiн авиациямен күзетудiң көмегiмен дер кезiнде байқау және жою, олардың iрi орман өрттерiне ұласып кетуiне жол бермеу, бүлiнген екпелердi табу;

орман және аңшылық шаруашылығын, орман пайдалануды ұтымды жүргiзудi, орман ресурстарын молықтыруды қамтамасыз ету, орман өсiрудi жоспарлау және жобалау-iздестiру жұмыстарының негiзiнде орман шаруашылығында ғылыми-техникалық саясат жүргiзу; сапасы жақсартылған отырғызу материалын алу;

ормандардың және жануарлардың аңшылық түрлерiнiң мемлекеттік кадастры;

орман және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми-әдiстемелiк талдамалармен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

83-қосымша

212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2004 жылға арналған

"Балық ресурстарын мемлекеттік есепке алу және оның кадастры"

деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 71171 мың теңге (жетпiс бiр миллион бiр жүз жетпiс бiр мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жануарлар дүниесiн қорғау, жаңғырту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңының 16, 17, 18, 54-баптары; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 8-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылдың 7 қазандағы № 1096 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балық қорларының жай-күйiне мониторинг, балық қорларын тиiмдi пайдалануды, құнды балық түрлерiнiң гендiк қорын сақтауды, Қазақстан Республикасының iшкi айдындарында және трансшекаралық су қоймаларында биоресурстарды пайдалануда ғылыми негіздеме жүргізілуін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кәсіпшілік балық табыны қорларын және жағдайын талдау негізінде республикалық деңгейдегі ірі балық шаруашылығы суқоймаларында оптималды-мүмкін балық аулау көлемін анықтау; кәсіпшілік балық санының динамикасына мониторинг жүргізу және оларды тиімді пайдалану мақсатында ұсыныс әзірлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

  

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республикалық және облыс деңгейіндегі балық шаруашылығы айдынындағы аулау көлемiне квота мен шектеулердi бекіту үшiн биологиялық негiздеме әзiрлеу, әзiрленген Схема негiзiнде балықтарды жерсiндiрудi және айдындарға енгізу бойынша жұмыстардың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

84-қосымша

212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2004 жылға арналған

"Балық ресурстарын молайту"

деген 038 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 558135 мың теңге (бес жүз елу сегiз миллион бiр жүз отыз бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 сәуірдегi Заңының 4-бабы; "Жануарлар дүниесiн қорғау, жаңғырту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңының 17 және 18-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазанындағы № 1096 қаулысы; "Атырау облысының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын нығайту туралы iс-шаралардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 25 наурыздағы № 299 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы су қоймаларында балық кәсiпшілiктерiнiң запастарын толықтыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тұқымдық жас балықтарды ұдайы жаңғырту. Балықтардың табиғи өсiп өнуiне және тиiмдi мекендеуiне жағдай жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

  

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: су қоймаларына балықтардың бағалы түрлерiнiң тұқымдарын (бекiре тұқымдас балықтардың - 6 500 мың дана; карп, сиг және улы өсiмдiкпен қоректенетiндер тұқымдастарының - 90 500 мың дана) жiберу; Жайылатын және уылдырық шашатын орындарға балықтардың өтуiн қамтамасыз ету; Кәсiпорындардың жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру, балықтарды өсiру үшiн өндiрiстiк аумақтарды ұлғайту, балықтарды өсiрудiң көлемiн арттыру, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының материалдық-техникалық базасының деңгейiн жоғарылату, аграрлық секторда қосымша жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

85-қосымша

212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2004 жылға арналған

"Батыс Тянь-Шань биоәралуандығын сақтау"

деген 039 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 16201 мың теңге (он алты миллион екі жүз бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы мен ҒЭҚ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кең ауқымды қорының атқарушы органы ретiнде iс-қимыл жасайтын Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi арасында ҒЭҚ Қорының Трасталық гранты жөнiнде келісім (Орталық Азиядағы биологиялық әр түрлiліктi сақтау жөніндегі шекаралық жоба) жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi № 1503 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Батыс Тянь-Шань тауларындағы әлсiз және бiрегей биологиялық топтарды қорғау, тұрақты дамуға қолғабыс ету үшiн экологиялық тұрақты саясатты әзiрлеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Батыс Тянь-Шань аумағында орналасқан таулардағы биологиялық әлсiз және бiрегей топтарды қорғауда қолдау көрсету және биологиялық әртүрлiлiктi қорғау саласында олардың мемлекеттік саясатын, заңдарын, нормативтiк ережелерiн және ұйымдастыру құрылымын реттеуде және бекітуде қолғабыс ету, Батыс Тянь-Шань аумағында қорғаныш өңiрлерiнiң жүйесiн нығайту және кеңейту, Батыс Тянь-Шань аумағында жергiлiктi топтар мен мүдделi тараптар үшiн балама және тұрақты пайдалы қызметтiң түрлерiн Батыс Тянь-Шань аумағында қорғаныш аумақтарының биологиялық ресурстарына ықпал етудi төмендету үшін және оның трансұлттық (аймақтық) реттеу тетiктерiн орнатуда, сақтауда қатысу, биологиялық әртүрлiлiгiн сақтауға бағытталған шараларды жүргiзу үшiн менеджменттi бекіту, жабайы табиғатты қорғау және мекендеу орталарының коридорларының фрагменталуын алдын алу арқасында ынтымақтастықты жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қаратау қорығының инфрақұрылымы жақсарады (әкiмшiлiк ғимараты, 4 кордондарының ғимараты);

келесi сатып алу жүргiзiледi: Қаратау қорығына материалдық-техникалық жабдықтау үшiн құрал-жабдықтар, Ақсу-Жабағылы қорығының кордондарына жиhаз, инспекторларға киiм-кешек.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

86-қосымша

212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2004 жылға арналған

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар дүниесiн

сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету"

деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1789192 мың теңге (бiр миллиард жеті жүз сексен тоғыз миллион бiр жүз тоқсан екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 21 қазандағы Заңының 17-19-баптары; "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 73-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерiнiң санын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегi № 1230 қаулысы; "Киiктердi қорғау мен өсiмiн молайту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 19 шiлдедегi № 980 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік табиғи-қорықтық қорын, биологиялық әралуандықты және табиғи экологиялық жүйенi қорғау және сақтау, таралымның қалыпты экологиялық-генетикалық құрылымын сақтай отырып, экобиологиялық теңбе-теңдiктi сақтауды ескере отырып, алқап сыйымдылығын ескерiп киiктердiң оңтайлы санына қол жеткізу.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: табиғи экожүйенi, бiрегей табиғи кешендер мен табиғи мұраның басқа нысаналарын қорғау, табиғи кешендердi сақтаудың ғылыми әдiстерiн әзiрлеу және енгізу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аймағында халықты экологиялық ағартуды ұйымдастыру, материалдық-техникалық негiзiн нығайту, киiктердiң кәсiпшiлiк санына қол жеткізу мақсатында табиғи еркiндiк жағдайында олардың түрлерi мен үйiрлерiнiң толықтығын сақтау, экобиологиялық тепе-теңдiктi сақтай отырып қасқырларды ату.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: биологиялық әралуандық пен табиғи экологиялық жүйені сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалануды дамытуды қамтамасыз ету, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың материалдық-техникалық негiзiн нығайту нәтижесiнде олардың жағдайын жақсарту, киiктер басының азаюын тоқтату, қасқырлар санын қысқарту.