7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Алматы облысы Қаратал суландыру жүйесіндегі магистральдық каналдар мен коллекторлы-дренажды желiлердiң нормативтiк техникалық жай-күйiн қалпына келтiру жұмыстарының аяқталуы.
1. Құны: 456472 мың теңге (төрт жүз елу алты миллион төрт жүз жетпiс екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 9 шiлдедегi Су Кодексiнiң 135-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы № 71 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасы экономикасының Су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы"; "Сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сапасы мен көлемiне кепiлдiк берiлген ауыз суға халықтың қолы жетуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды сумен жабдықтау топтық жүйесiнен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын арзандату.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан облыстарының елдi мекендерiне сапалы ауыз суды үздiксiз беру, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiн ұлғайту.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
96-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Ауыл аумақтарын сумен жабдықтауды және кәрiз желісін дамыту"
деген 052 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 79796 мың теңге (жетпiс тоғыз миллион жетi жүз тоқсан алты мың теңге).
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы; 2002 жылғы 18 қарашадағы ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және канализация дамыту салалық жобасы жөнiнде бағалау миссиясын өзара түсiнiстiк жөнiнде Меморандумы.
"Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәрiздеу" салалық жобасын қаржыландыру үшін Азия Даму Банкінің қарызын тарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 54 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: таңдап алынған ауылдық елдi мекендердiң, әсiресе, елдiң кедейленген топтарының өмiр сүру жағдайларын және денсаулығын сумен жабдықтау және канализация қызметтерiнiң негiзгi түрлерiмен қамтамасыз ету арқылы жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1) сумен жабдықтау және канализация инфрақұрылымының қызметтерiн ұсынуда билiктiң орталық және жергiлiктi атқарушы органдарына көмек көрсету; 2) облыстық және аудандық әкiмдiктердiң және басқа сумен жабдықтау және канализация объектiлерiн жоспарлаудағы, құрылысындағы және пайдаланудағы жобаға қатысушылардың техникалық және қаржылық мүмкiндiктерiн жақсарту.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
┌──────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬─────────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├──────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼─────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├──────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴─────────────────│
│ 1 052 Ауыл │
│ аумақтарын │
│ сумен │
│ жабдықтауды │
│ және │
│ кәрiз │
│ желісін │
│ дамыту │
│ 2 016 Жобаны 1) Шетелдiк (Жоба Жыл Қазақстан │
│ республи- үйлестiрушi және бойында Республикасы │
│ калық қаржы маманы - 2 Ауыл │
│ бюджеттен адам) және жергi- шаруашылығы │
│ бiрлесiп лiктi (Орталық министрлігі- │
│ қаржылан- жоба басқару тобы нің Су │
│ дыру - 5 адам және 3 ресурстары │
│ есебiнен Облыстық жоба жөніндегі │
│ iске асыры- басқару топтары - комитеті │
│ лады 3 адам) консуль- │
│ танттардың қызмет- │
│ терiн төлеу, соның │
│ iшiнде операциялық │
│ шығындар- │
│ 2) Шетелдiк және │
│ жергiлiктi консуль- │
│ танттарға ұйымдас- │
│ тыру техникасы │
│ және офистiк жабдық- │
│ тарды сатып алу- │
│ 3) Санитариялық-ги- │
│ гиеналық ағарту │
│ бағдарламасы- │
│ 4) Институционалдық │
│ даму бағдарламасы- │
│ 5) Заемға қаржы │
│ бөлу үшiн займ │
│ сомасынан 0,5% │
│ көлеміндегі алдын │
│ ала төлейтiн жарна- │
│ 6) Займ бойынша │
│ мiндеттеме үшiн │
│ комиссиялық │
│ алымдар. │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Мемлекеттік сараптамадан өткен жобаның техникалық-экономикалық негiзiне сәйкес таңдап алынған ауылдық елдi мекендердiң, әсiресе елдiң кедейленген топтарының, өмiр сүру жағдайларын және денсаулығын сумен жабдықтау және канализация қызметтерiнiң негiзгi түрлерiмен қамтамасыз ету арқылы жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
97-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Қарағанды облысының ауылдарын сумен жабдықтау"
деген 053 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 142692 мың теңге (бір жүз қырық екі миллион алты жүз тоқсан екi мың теңге).
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасын қаржыландыру үшiн Ислам Даму Банкінің қарызын тарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 тамыздағы № 882 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшiн қарыз туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қауiпсiз және сенiмдi сумен жабдықтау және ауыз су ресурстарына еркiн қол жеткізуiн қамтамасыз ету жолымен 94 iрiктелген ауылдық елдi мекендердiң кедей елiнiң денсаулығын, өмiр сүру сапасы мен қажеттi санитариясын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1) Қарағанды облысының кедей ауылдық елдi мекендерiнде қарапайым аз шығынды сумен жабдықтау жүйелерiн салуы; 2) жобаны басқару тобын құру; 3) кеңес беру; 4) жобаның сыртқы қаржы аудитi; 5) құрылысты жобалау және қадағалау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қауiпсiз және сенiмдi сумен жабдықтау және ауыз су ресурстарына еркiн қол жеткізудi қамтамасыз ету жолымен 94 iрiктелген ауылдық елдi мекендердiң кедей елiнiң денсаулығын, өмiр сүру сапасы мен қажеттi санитариясын жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
98-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың
апатты учаскелерiн күрделi жөндеу және
қалпына келтiру"
деген 054 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 434870 мың теңге (төрт жүз отыз төрт миллион сегiз жүз жетпiс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы № 71 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы" 2003 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 5 желтоқсандағы "2004 жылға республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: гидротехникалық ғимараттарда төтенше жағдай туындау қаупiнiң алдын алу, шаруашылық аралық каналдар мен гидромелиоративтiк ғимараттардың аса апаттық учаскелерiн қайта жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Шаруашылықаралық каналдардың және гидромелиоративтi ғимараттардың ерекше-апаттық телiмдерiн қалпына келтiру және гидротехникалық ғимараттарды қайта жаңарту.