2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 54-102 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197и; 23.06.04 ж. № 197к; 20.08.04 ж. № 197п; 08.10.04 ж. № 197у; 27.10.04 ж. № 197ф; 2004.08.12. № 197аз; 2004.24.12. № 197ач; 2004.24.12. № 197аш; 2004.24.12. № 197ащ қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница
  └────────────────────────────────────────────────────────────────────────┘

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Топырақты механикалық өңдеудiң орнына экологиялық қауiпсiз гербицидтердi пайдаланумен және арам сораларды жаншиды деп есептелген бәсекеге жарамды шөптермен экобиологиялық концепцияның негiзiнде жабайы өсетiн соралармен күрестiң технологиясын әзірлеу.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

102-қосымша

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 102-қосымша алынып тасталды

212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2004 жылға арналған

"Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес"

деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 177329 мың теңге (бiр жүз жетпіс жеті миллион үш жүз жиырма тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының тектік қорын сақтауды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: өсімдіктер мен жануарлардың тектік ресурстарын ұлттық қоймасын салу.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

  

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік сараптамадан өткен және белгіленген заңнамалық тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттама.