2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 54-102 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197и; 23.06.04 ж. № 197к; 20.08.04 ж. № 197п; 08.10.04 ж. № 197у; 27.10.04 ж. № 197ф; 2004.08.12. № 197аз; 2004.24.12. № 197ач; 2004.24.12. № 197аш; 2004.24.12. № 197ащ қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

56-қосымша

212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2004 жылға арналған

"Өсiмдiктердi қорғау"

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 2723044 мың теңге (екi миллиард жетi жүз жиырма үш миллион қырық төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Өсiмдiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Карантиндiк объектілер мен аса қауiптi зиянкес организмдердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жекелеген мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджетті iске асыру жөнiндегі" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикада қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республика аумағындағы фитосанитариялық жағдайға жүйелi бақылау жүргізу, соның негiзiнде ұзақ, орта және қысқа мерзiмдi болжамдар жасау, ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының жаппай дамуы мен таралу ошақтарын анықтау, сонымен бiрге ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестерiмен күрес.

ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 197п қаулысымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: зиянкестердiң, өсiмдiк аурулары мен арамшөптердiң таралуы бойынша сенiмдi болжамдар жасау, тиiсті жылға қорғау шараларын жоспарлау, ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауiпті зиянкестерi мен аурулары таралған (залалданған) алаңдарды 10% азайту және егiндi сақтау.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

57-қосымша

212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2004 жылға арналған

"Өсiмдiктер карантинi"

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 668734 мың теңге (алты жүз алпыс сегiз миллион жетi жүз отыз төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 18-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесiнде мемлекеттік мекемелердi құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 941 қаулысы; "Карантиндiк объектiлермен аса қауiптi зиянкес организмдердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігiнiң жекелеген мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы; "Қазақстан Республикасы аумақтарын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 тамыздағы № 773 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджеттi iске асыру жөніндегі" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: карантиндiк объектiлердiң таралуын болдырмау мен профилактика және Қазақстан Республикасының аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік мекемелерiнiң iс-әрекетiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: карантиндiк объектілер ошақтарын табу, оқшаулау, жою және олардың одан әрi таралуын болдырмау, карантиндiк объектiлердiң құрамын және егiлетiн, отырғызылатын материалдардағы тегi бөтен түрлердi анықтау.

ҚР Үкіметінің 08.10.04 ж. № 197у қаулысымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

  

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: карантиндiк зиянкестер, өсiмдiктердiң аурулары мен арамшөптердiң таралу ошақтарын табу, оқшаулау, жою, егiндi сақтау, карантиндiк объектілердi уақытылы жою мақсатында оларды анықтау үшiн карантинге жатқызылған өнiмге зертханалық фитосанитариялық талдауды жүргізуді, өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік мекемелерге сараптамаға келiп түскен импорттық өсiмдiк материалдарын Қазақстан Республикасының аумағында карантиндiк объектiлердiң таралуын 100%-ғa болдырмау және тексерiстен кейiн сау егiлетiн, ұластырылатын және тұқымдық материал шығару.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

58-қосымша

212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2004 жылға арналған

"Тұқымдық және көшет материалының сорттық және

себу сапаларын анықтау"

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 148008 мың теңге (бiр жүз қырық сегiз миллион сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Агроөнеркәсіптік кешеннiң салаларын және мемлекеттік iс-шараларды несиелеу туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-бабы; "Тұқым туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4 , 12-баптары; "2004 жылғы республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Мемлекеттік астық ресурстарын құру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.