2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 54-102 қосымшалар) (ҚР Үкіметінің 17.06.04 ж. № 197и; 23.06.04 ж. № 197к; 20.08.04 ж. № 197п; 08.10.04 ж. № 197у; 27.10.04 ж. № 197ф; 2004.08.12. № 197аз; 2004.24.12. № 197ач; 2004.24.12. № 197аш; 2004.24.12. № 197ащ қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Предыдущая страница

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бүкiл eгic алаңына жоғары өнiмдi сорттардың тексерiлген тұқымдарын себу жүргiзiлуiн қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсiмдiлiгiн арттыру, өнiмiнiң сапасын жақсарту және елiмiздiң азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер мемлекеттік сорт сынайтын учаскелер мен станциялар, республиканың мемлекеттік тұқым ресурстары үшiн барлық ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының сапасына уақтылы және білікті сараптама жүргізу, олардың сапасының қолданыстағы МЕМСТ-қа сәйкестігiн айқындау.

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

  

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілердiң себуге арналған тұқымының сапасын тексерудi қамтамасыз ету және соған сәйкес сапалы тексерiлген тұқым себудiң арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының түсiмдiлігін арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер себуге пайдаланатын тұқымның өзiндiк құнын арзандату, тексерiлмеген сапасыз тұқым себудi iске-асыру тәжiрибесiнен алып тастау, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi толық көлемде жоғары сапалы элиталық және репродукциялық тұқыммен қамтамасыз ету, мемлекеттік тұқымдық астық ресурстарына кондициялық тұқым құю.

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2003 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 1327 қаулысына

59-қосымша

212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2004 жылға арналған

"Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау"

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 7095962 мың теңге (жеті миллиард тоқсан бес миллион тоғыз жүз алпыс екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң 135-бабы; "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 15-бабы; "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 4-бабы; "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4 , 12-баптары; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттi атқару және есеп беру (мерзімдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық процедуралардың ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысы; "Агроөнеркәсіп секторын кредиттеудiң және субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ауыл шаруашылығының егiншiлiк, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу салаларын дамыту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ауыл шаруашылығы дақылдарының түсiмдiлiгін және өндiрiлетiн өсiмдiк өнiмдерiнiң сапасын арттыру, тұқым шаруашылығын дамыту, элиталық тұқымды және бiрiншi қауымдағы гебридтердi өсiру үшiн қажетті оригиналды тұқымдардың сандарын және ассортименттерiн өсiрудiң есебiнен ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң гендiк қорларын сақтау; ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң асыл тұқымды өнiмдерге (материалдарға) қол жеткізуiн қамтамасыз ету арқылы ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымдық және өнiмдiлiк сапасын арттыру және гендiк қорын сақтау және дамыту және асыл тұқымды мал шаруашылығының базасын: табын шаруашылығын, етті құс шаруашылығын, спорттық ат шаруашылығын қалпына келтiру;

отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқымдарды улағыштардың және гербицидтердiң құнын арзандату;

ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге жер суару суларын жеткізу құнын төмендету;

ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге лизингіге берiлетiн ауыл шаруашылығы техникасының құнын лизингiге алушылар төлеуге және соңынан республикалық бюджетке қайтаруға жататын сыйақы бөлiгi сомасына арзандату;

ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға берiлетін жабдықтардың құнын лизингіге алушылар төлейтiн және соңынан республикалық бюджетке қайтаруға жататын сыйақы бөлiгі сомасына арзандату;

сақтандырушыға өндiрiлетiн жасалған мiндеттi сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн қайтару арқылы өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау;

ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындары төлейтiн қаражаттар айналымын толықтыруға берiлетiн екiншi деңгейдегi банктердiң несиелерiнің проценттiк ставкалары бойынша төлем ақыларын iшiнара арзандату;

Саны аз және жоғалып бара жатқан малдардың коллекциялық табындар қалыптастыру, олардың сандарын арттыру және жоғары өнiмдi малдар алу.

ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197аш қаулыларымен 6-тармақ өзгерді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: элиталық тұқымды өндiру үшiн элиталық тұқым шаруашылықтарын ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң оригиналды тұқымдарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге элиталық тұқымға қол жеткізуiн және сорттарының жаңаруларын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң гендiк қорын сақтау және дамыту, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсiмдiлігін және өсiмдiк өнiмдерiнiң сапасын арттыру;