отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде сорт жаңартуды және табындарды өнiмдiлiгi жоғары малмен жаңартылуын қамтамасыз ету, саны аз және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерiнiң гендiк қорын сақтау және дамыту, мал шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымдық орталықты және етті құс шаруашылығы жөніндегі асыл тұқымдық шаруашылықты қалпына келтiру; жылқы тұқымының генетикалық әлеуетiн жақсарту; Қостанайлық жылқы тұқымының қолданыстағы аталық iздерi мен тұқымдастарының шаруашылық-пайдалы сипаттарын одан әрi үйлестiруге қол жеткізу; жаңа селекциялық жетiстiк ретiнде қостанайлық жылқы тұқымының жаңа зауыттық аталық iзiн алдын ала бақылаудан өткізу; негiзгi шаруашылық-пайдалы сипаттары: ширақтық, дене бiтiмi мен экстерьерi, дистанциялығы бойынша агомогендiк және гетерогендiк таңдау кезiнде таза қанды мiнгi айғырлар мен қостанайлық биелердi оңтайлы пайдалану; аламан бәйге, жорға жарыс, көкпар бағыттары бойынша ат жарату бөлiмдерiн одан әрi мамандандыру;
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшiн минералдық тыңайтқыштардың, тұқымдарды улауыштардың және гербицидтердiң қол жетiмдiлiгi;
ауыл шаруашылығы техникасымен лизингiлiк негiзде қамтамасыз ету шеңберiнде берiлетiн, несие келісімдерi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң тиiстi мүддесiнiң сомасына ауыл шаруашылығы техникасының құнын арзандату, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерi үшiн техниканы лизингiге алумен байланысты шығын жұмсау жағдайын жеңiлдетуге мүмкiндiк береді;
импортқа отандық экономиканың дағдарысты тәуелдiлiгiн еңсеру қайта өңдеу саласындағы кәсiпорын үшiн шикiзаттарды өндiру мен сатып алуды дамыту, iшкi рынокты отандық өндiрiстiң жоғары сапалы өнiмдерiмен толтыру;
отандық өндiрiстiң ауыл шаруашылығы импортқа тәуелсiздiгiн, қайта өңдеу үлесiн ұлғайту, қайта өңдеу саласы кәсiпорындарының айналым қаражаттарын толықтыру, iшкi рынокты жоғары сапалы отандық өндiрiстік тамақ өнiмдерiмен толтыру.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
60-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Көктемгі егіс және жиын-терiм жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға
жергiлiктi бюджеттердi кредиттеу"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5500000 мың теңге (бec миллиард бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылғы республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы, "Мемлекеттік бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджетті орындау бойынша және есеп беру нысандарын енгізу (кезеңдiк және жылдық) қаржы процедураларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көктемгі егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi жергiлiктi бюджет арқылы несие ресурстарымен қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргізуге отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi одан әрi несие беру үшiн жергілiкті бюджеттер арқылы несие берудi қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
┌──────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬───────────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├──────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼───────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├──────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴───────────────────│
│ 1 007 Көктемгі Қазақстан Жыл Қазақстан │
│ егіс және Республикасының бойында Республикасы- │
│ жиын-терiм Үкіметі бекiткен ның Ауыл │
│ жұмыстарын көктемгi дала және шаруашылығы │
│ жүргiзудi егін жинау жұмыс- министрлігі │
│ ұйымдасты- тарын ұйымдастыру- │
│ руға ға жергіліктi │
│ жергіліктi бюджетке несие │
│ бюджеттерді берудiң шартын │
│ кредиттеу анықтау │
│ Кредиттiк келісімге │
│ сәйкес жергілiктi │
│ атқарушы органдарға │
│ несие ресурстарын │
│ бөлу- │
└────────────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: көктемгі егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi қаражат сұранысының 16%-ға жуығын қамтамасыз ету;
көктемгi eгic және егiн жинау жұмыстарын уақтылы жүргiзу;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлігін арттыру;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң бәсекеге жарамдылығын қолдау;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң табыстылығын арттыру;
несиелердi мақсатты және тиiмдi пайдалану және республикалық бюджетке уақтылы қайтару.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
61-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникасымен
қамтамасыз етудi кредиттеу"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000000 мың теңге (бip миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; "2004 жылғы республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы, "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттi орындау бойынша және есеп беру нысандарын енгізу (кезеңдiк және жылдық) қаржы процедураларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: лизинг негiзiнде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету жолымен ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: кейiннен лизингке беру үшiн, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға несие бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
┌──────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬──────────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├──────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼──────────────────│
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├──────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴──────────────────┤
│ 1 008 Лизингтік Қазақстан Жыл Қазақстан │
│ негiзде Республикасы бойында Республикасы- │
│ ауыл шаруа- Үкіметі бекiткен ның Ауыл │
│ шылығы тех- лизинг негізiнде шаруашылығы │
│ никасымен ауыл шаруашылығы министрлігі, │
│ қамтамасыз техникасымен қам- Несие беруші │
│ етудi тамасыз ету банк │
│ кредиттеу мақсатында бюд- │
│ жеттен несие │
│ берудiң шарттарын │
│ анықтау- │
│ Несие беретiн │
│ банкіні анықтау │
│ мақсатында конкурс │
│ өткізу- │
│ Бағдарлама әкiмшi- │
│ сiнiң сұранысы │
│ бойынша бiрыңғай │
│ несие келісімдерi- │
│ нiң траншына │
│ сәйкес несие │
│ ресурстарын бөлу- │
│ Ауыл шаруашылығы │
│ техникасы лизингі- │
│ не келісім жасау, │
│ оның iшiнде: │
│ астық оратын │
│ техника немесе │
│ басқа ауыл шаруашы- │
│ лығы техникасы- │
│ Лизинг келісімiмен │
│ анықталған, ауыл │
│ шаруашылығы техни- │
│ касын сатып алу- │
│ Ауыл шаруашылығы │
│ техникасын лизингi- │
│ ге алушыға беру- │
└───────────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Машина-трактор паркiн орта есеппен 1%-ке жаңарту;
Ауыл шаруашылығы техникасымен лизинг алушыларды қамтамасыз ету;
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасының деңгейiн көтеру және ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту;
Аграрлық секторда қосымша жұмыс орындарын ашу;
Несиелердi мақсатты және тиiмдi пайдалану және республикалық бюджетке уақтылы қайтару.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
62-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Ауылдық несие серiктестіктерi жүйесi арқылы ауыл
шаруашылығы өндiрiсiн кредиттеу"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2120203 мың теңге (екі миллиард бiр жүз жиырма миллион екi жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық aзық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы қаулысы; "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттi атқару және есеп беру (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық процедуралардың ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджетті iске асыру жөнiндегі" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөніндегі өнеркәсiптiң тиiмдiлігін арттыру.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындардың мемлекеттік қаржы қаражатына қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және оларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.