1. Құны: 91251 мың теңге (тоқсан бiр миллион екi жүз елу бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Су Кодексiнiң 45, 46, 59 және 116-баптары; 2003 жылғы 5 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы № 932 "Суды кешендi пайдалану мен қорғаудың схемасын әзiрлеу және бекіту тәртібі туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 қаңтардағы № 75 "Мемлекеттік су кадастрын жүргiзудiң тәртібін бекіту туралы" қаулысы; "Су қорғау аймақтары мен белдемелерi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 27 қаңтардағы № 102 қаулысы; "Қазгидромет және Қазавиомет Республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; "Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы № 71 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген "2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасын iске асырудың iс-шаралары" жоспарының 28-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдардағы iске асырылатын iс-шаралар жоспарының 7.5.15-тармағы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету үшiн негiзгi су шаруашылығы және басқа iс-шараларды анықтау, өзен алаптарында табиғат қорғауға және кешендi өткiзiлетiн су көлемiн ғылыми негiздеу;
Экономика салаларын су объектiлерi, су ресурстары, режимi, сапасы, суды пайдалану туралы қажеттi мәлiметтермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: өзен алаптарындағы, әкiмшiлiк аумақтағы, экономика салаларындағы деңгейiндегі су тұтынушыларды сумен қамтамасыз етуде кешендi баға беру, су ресурстарын пайдалануды талдау және бағалау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Ертіс өзенi алабының су ресурстарын пайдалану және қорғаудың кешендi сұлбасының болуы - халықтың және экономика саласының қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұтынылатын судың лимитiн бекітуде, келешекте су шаруашылығы iс-шараларын жоспарлауда, республикалық және жергiлiктi бағдарлама бойынша бюджет құруда мемлекеттік органдарға нұсқама беруде ғылыми негiзделген нормативтiк-құқықтық құжат болып табылады;
Есіл өзенiнiң су қорғау аймақтары мен белдемелерiнiң жобасы жергiлiктi атқарушы органдардың шаруашылық жер пайдалануда осы аймақтар мен белдемелердiң шекарасын және режимiн бекітуде қажет;
әлеуметтiк-экономикалық өркендеуге қажеттi теңгерiмдi қамтамасыз ету және су ресурстарының қажеттi деңгейде сапасының нормативке сәйкестендiруде жер бетi суының ластану деңгейi бойынша интегралды топтастыру қажет;
жер бетi су ресурсы мен режимiнiң мемлекеттік су кадастрын жаңғыртуға, өзендердiң, каналдардың, көлдер мен су бөгендерiнiң анықтама-ақпаратты Бюллетенiн шығаруға, жылма-жылғы құрлықтағы жер бетi суының режимi және ресурстары туралы, көпжылдық құрлықтағы жер бетi суының режимi және ресурстары туралы (5 жылда 1 рет), облыс, су шаруашылық алабы мен экономика саласында су пайдаланудың жыл сайынғы есебi туралы мәлiмет алуға мүмкіндік тудырады.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
73-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Су ресурстарын басқару және жерлердi қалпына
келтiрудi жетiлдiру"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 773035 мың теңге (жетi жүз жетпiс үш миллион отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы № 1592/1593 (SF) KAZ заемдары туралы келісімдердi ("Cу ресурстарын басқаруды жетiлдiру және жердi қалпына келтiру" жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрақты суармалы егiншiлiктi дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: экологиялық нормалар мен талаптарды енгізудi, қайта жаңғыртылған суландыру және кәрiздiк жүйелердi су пайдаланушылар бiрлестiктерiне беру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, агротехника мен суару тәсiлдерiн үйретудi ескере отырып суландыру және кәрiздiк жүйелердi қайта жаңғырту және жақсарту арқылы Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 39,2 мың гектар алқапта суармалы егiншiлiктi қалпына келтiру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
┌──────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬────────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├──────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├──────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴────────────────│
│ 1 025 Су ресурс- │
│ тарын │
│ басқару │
│ және жер- │
│ лердi │
│ қалпына │
│ келтiрудi │
│ жетiлдiру │
│ 2 004 Сыртқы Мотт МакДональд Жыл Қазақстан │
│ қарыздар фирмасының консуль- бойында Республикасы- │
│ есебiнен тациялық қызметiне Ауыл │
│ жобаны ақы төлеу (құрылыс- шаруашылығы │
│ iске асыру ты қадағалау, министрлігі │
│ инспекторларды, │
│ клерктердi ұстау, │
│ қолдау тобының │
│ жұмысы, оқыту)- │
│ 3 016 Жобаны Жобаның 1-кезеңi Жыл Қазақстан │
│ республи- бойынша Оңтүстiк бойында Республикасы │
│ калық Қазақстан облысы Ауыл │
│ бюджеттен Мақтаарал ауданында шаруашылығы │
│ бiрлесiп 23868 гектар алқап- министрлігі, │
│ қаржылан- та құрылыс жұмысы; "Тодини" ком- │
│ дыру есебi- Жобаның 2-кезеңi Жыл паниясы 1Ф, │
│ нен iске бойынша Оңтүстiк бойында "Эсер" │
│ асырылады Қазақстан облысы компаниясы 2Ф │
│ Мақтаарал ауданында │
│ 15391 гектар │
│ алқапта құрылыс Қазақстан │
│ жұмысы- Республикасы │
│ Қосымша құн Ауыл │
│ салығына, тауарлар, шаруашылығы │
│ жұмыстар мен министрлігі │
│ қызметтердiң кеден- │
│ дiк баждарына, │
│ кедендiк алымдарға │
│ ақы; │
│ Шетелдiк валютамен Қазақстан │
│ операциялар жүргi- Республикасы │
│ зуге арналған Ауыл │
│ лицензияны алуға шаруашылығы │
│ байланысты шығын- министрлігі │
│ дарды өтеу; │
│ Жобаны iске асыру Қазақстан │
│ үшiн 9 адам көле- Республикасы │
│ мiнде жергiлiктi Ауыл │
│ консультанттардың шаруашылығы │
│ қызметiн төлеу, министрлігі │
│ соның iшiнде │
│ операциялық │
│ шығындар- │
│ Мотт МакДональд │
│ фирмасының консуль- │
│ тациялық қызметiне │
│ ақы төлеу (құрылыс- │
│ ты қадағалау, │
│ инспекторларды, │
│ клерктердi ұстау, │
│ қолдау тобының │
│ жұмысы, оқыту, │
│ автокөлiктердi │
│ ұстау)- │
└─────────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: түсiмдiлiктiң ұлғаюы, жобалық есептеулер бойынша таза табыстың 28%-ға артуы, халықты жұмыспен қамтудың 21%-ға өсуi, жоба бойынша күрделi қаржының тиiмдiлiгi 26% құрауы тиiс. Мақтаның түсiмдiлiгi гектарынан 15,5-тен 25 центнерге, күздiк бидайдiкi 25-тен 36 центнерге, дән жүгерiнiкi 17-ден 54 центнерге, жоңышқанiкi 34,3-тен 89 центнерге көтерiледi. Су ресурстарын үнемдеу кезең сайын жылына 16,9-дан 23,1 миллион текше метрдi құрайды. Жүйенiң пайдалы әсер коэффициентi 0,60-тан 0,80-ге жеткiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
74-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Су ресурстарын басқару және жердi қалпына келтiрудi жетiлдiру
жобасын кредиттеу"
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1394305 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан төрт миллион үш жүз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы № 1592/1593 (SF) KAZ заемдары туралы келісімдердi ("Cу ресурстарын басқаруды жетiлдiру және жердi қалпына келтiру" жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.