3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрақты суармалы егiншiлiктi дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: экологиялық нормалар мен талаптарды енгізудi, қайта жаңғыртылған суландыру және кәрiздiк жүйелердi су пайдаланушылар бiрлестiктерiне беру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, агротехника мен суару тәсiлдерiн үйретудi ескере отырып суландыру және кәрiздiк жүйелердi қайта жаңғырту және жақсарту арқылы Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 39,2 мың гектар алқапта суармалы егiншiлiктi қалпына келтiру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: түсiмдiлiктiң ұлғаюы, жобалық есептеулер бойынша таза табыстың 28%-ға артуы, халықты жұмыспен қамтудың 21%-ға өсуi, жоба бойынша күрделi қаржының тиiмдiлiгi 26,4 құрауы тиiс. Мақтаның түсiмдiлiгi гектарынан 15,5-тен 25 центнерге, күздiк бидайдiкi 25-тен 36 центнерге, дән жүгерiнiкi 17-ден 54 центнерге, жоңышқанiкi 34,3-тен 89 центнерге көтерiледi. Су ресурстарын үнемдеу кезең сайын жылына 16,9-дан 23,1 миллион текше метрдi құрайды. Жүйенiң пайдалы әсер коэффициентi 0,60-тан 0,80-ге жеткiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
75-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк
бөлiгiн сақтау"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 3144466 мың теңге (үш миллиард бiр жүз қырық төрт миллион төрт жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы қарыз туралы Келісімдi ("Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау және Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу (1 фаза) жобасы") бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн және Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу (1 фаза) жобасын қаржыландыруға Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiн тарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 қазандағы № 1342 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтап қалуды қамтамасыз ету, Сырдария өзенi атырауының су ресурстарын қалпына келтiру, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi арттыру және балық шаруашылығын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі су деңгейiн тұрақтандыру, Сырдария өзенi арнасынан су өтiмiн реттеу.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к; 2004.24.12. № 197ащ қаулыларымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн және Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу жобасы бойынша 25-дан 45%-ға дейiнгi құрылыс жұмыстары орындалады.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
76-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2004 жылға арналған
"Арал теңiзi өңiрiнiң елдi мекендерiн сумен жабдықтау
және санитариясы"
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 627402 мың теңге (алты жүз жиырма жетi миллион төрт жүз екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Араб Экономикалық Даму Кувейт Қоры арасындағы Арал қаласын (Арал теңiзi өңiрi) сумен жабдықтау жобасы бойынша заем туралы келісімдi бекіту туралы" 2001 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Арал қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту және санитариялық жағдайын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Арал қаласының сумен қамту жүйелерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, қаладағы су тарту желiлерiн кеңейту және жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Арал теңiзi аумағындағы елдi мекендердi сумен қамтамасыз ету мен санитария жобасы бойынша құрылыс жұмыстарының 55-60% орындалады.