Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2548 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы» 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 74 қаулысы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2548 тіркелген,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы"
2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 қаулысына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004
жылғы 15 наурыздағы № 74 қаулысы

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 345 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2548 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2003 жылғы 20 қазанда - 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартының:

11-тармағындағы "он бесінші санынан кешіктірмей" деген сөздер "бірінші күнгі жағдай бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"8-тарау. Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

22. Өтемақы төлемдерінің мөлшерін міндетті сақтандыру шартының мерзімі өтпеген кезеңі үшін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысы төлеген сақтандыру сыйлықақы сомасы құрайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.