Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 10 сәуірдегі № 402 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
189-2-қосымша
221 - Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Tepгеу изоляторларында СПИД iндетіне
қарсы iс-қимыл" деген
013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 3 225 мың теңге (үш миллион екi жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1207 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында AҚТҚ инфекциясының таралуына қарсы әрекет ету шараларын күшейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тиiмдi профилактикалық шараларды, бiрiншi кезекте АҚТҚ-ны жұқтыру қаупi бар адамдар арасында жүзеге асыру; бiрiншi кезекте тергеу қамауындағы адамдарды АҚТҚ инфекциясының алдын алу мәселелерi жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, тергеу изоляторларын медициналық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: тергеу изоляторларында АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуына қарсы әрекет жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 10 сәуірдегі № 402 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
189-3-қосымша
221 - Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Алматы қаласында 1800 орындық
тергеу изоляторын салу" деген
014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 40 400 мың теңге (қырық миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қылмыстың жасалуына сезіктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 926 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада белгiленген қылмыстың жасалуына күдiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың жағдайларын қамтамасыз ету үшiн материалдық-техникалық базасын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Алматы қаласында тергеу изоляторын салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Алматы қаласындағы тергеу изоляторын пайдалануға енгізу.