Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 22 сәуірдегі № 452 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 22 сәуірдегі № 452 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 349 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 356 қаулысымен бекітілген Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5.1.1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Алматы қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысына мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Алматы қаласының Бас жоспарында:

«Бас жоспарды жүзеге асыру және оның мониторингi» деген 6-бөлiмде:

«Алматы қаласы Бас жоспарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері» деген бөлiмшеде:

реттiк нөмiрi 1.1-жолда:

«Жылдар бойынша көрсеткіштер»: «2005 жыл» деген бағандағы «28,2» деген сандар «31,9» деген сандармен ауыстырылсын;

«Жылдар бойынша көрсеткiштер»: «2020 жыл» деген бағандағы «28,2» деген сандар «31,9» деген сандармен ауыстырылсын;

2) жоғарыда көрсетiлген қаулыға қоса берілген Алматы қаласы Бас жоспарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2004 жылғы 22 сәуірдегі

№ 452 қаулысына қосымша

Алматы

Бас жоспары

(Қазақстан Республикасы Президентінің

Жарлығы бойынша Алматы қаласының

шекараларын өзгертуі есепке алынған)

[Графикалық нысанды қараңыз]