«Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2004 ж. 29 сәуір) (күші жойылды)

Жоба

«Бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы»

Қазақстан Республикасының Заңы

 

2006 жылғы 7 шілдедегі № 173-III Қазақстан Республикасының Заңың қара

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 сәуірдегі № 489 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізілді

 

Осы Заң бәсекелестіктi қорғау саласы бойынша қатынастарды реттейдi және ұлттық экономиканың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар қамтамасыз ете отырып, бәсекелестікке қарсы келісімдерге және келісілген iс-әрекеттерге, үстем жағдайын терiс пайдалануға, шамадан тыс экономикалық шоғырлануға тыйым салу, шектеу және бақылау жолымен әдiл және еркiн бәсекелестікке жәрдемдесу.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлар - олардың функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы және басқа да өлшемдерi бойынша салыстыруға болатын, сол себептен сатып алушы оларды тұтыну процесiнде iс жүзiнде оларды ауыстыруға даяр тауарлар тобы;

2) ақпарат - кез келген жеткiзгіштерде сақталған, кез келген нысандағы және түрдегі мәлiметтер (оның iшiнде хат-хабар, кiтаптар, белгiлер, суреттеулер (карталар, диаграммалар, суреттер, сызбалар және сол сияқты), фотосуреттер, голограммалар, кино, бейне, микрофильмдер, дыбыс жазбалары, компьютер жүйелерiнің дерекқоры немесе олардың элементтерiн толық не iшiнара жаңғырту), тұлғалардың түсiндiрмелерi және басқа да кез келген халыққа жарияланған немесе құжатталған мәлiметтер;

3) монополистiк қызмет - рынок субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келісімi (келісілген iс-әрекетi), үстем жағдайды терiс пайдалану, мемлекеттік органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi;

4) бәсекелестік - рынок субъектiлерiнiң басымдықтар алу мақсатындағы жарыстастығы, оның салдарынан рыноктың жеке субъектiсi тиiстi тауар рыногында тауарлар айналысы жағдайын айқындай алмайды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.