Электрондық мониторингке жататын жинақтаушы зейнетақы қорларының салық есептілігін жасау және табыс ету ережелері (Электрондық мониторингке жататын салық төлеушілердің салық есептілігін жасау және табыс ету ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 ж. 9 сәуіріндегі № 165 бұйрығына 2-қосымша) (2007.07.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы  25 желтоқсандағы  № 611 бұйрығымен күші жойылды

 

Электрондық мониторингке

жататын салық төлеушiлердiң

салық есептiлiгiн жасау және табыс

ету ережелерiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі Салық

комитетi Төрағасының

2004 жылғы 9 сәуiрiнен

№ 165 бұйрығына

2-қосымша

Электрондық мониторингке жататын жинақтаушы
зейнетақы қорларының салық есептiлiгiн
жасау және табыс ету ережелерi

(2007.07.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген электрондық мониторингке жататын жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - қор) салық есептілігiн жасау және табыс ету тәртібін көздейдi.

2. Салық төлеушілердің мониторингi (бұдан әрi - мониторинг) салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзiндiк құнын қалыптастырудың негiзділігiне талдау жүргiзу, Қазақстан Республикасының қаржы, валюта заңдарын және қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушiлердің қаржы-шаруашылық қызметiне байқау жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады.

ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007.07.08. № 551 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мониторинг салық мiндеттемелерiнің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттік органның (бұдан әрi уәкiлеттi мемлекеттік орган) орталық серверiнің дерек қорына деректердi берудің электрондық жүйесi арқылы салық төлеушiлерден негiзгi қаржы-экономикалық және салықтық көрсеткiштер бойынша ақпарат жинау жолымен жүзеге асырылады. Электрондық мониторинг бойынша салық есептілігі шоғырландырылған табыс етіледі.

Мониторингтi:

1) республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлер бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.