ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Электрондық мониторингке
жататын салық төлеушiлердiң
салық есептiлiгiн жасау және табыс
ету ережелерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық
комитетi Төрағасының
2004 жылғы 9 сәуiрiндегі
№ 165 бұйрығына
3-қосымша
Электрондық мониторингке жататын зейнетақы активтерiн инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық есептiлiгiн жасау
және табыс ету ережелерi
(2007.07.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және электрондық мониторингке жататын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық есептiлiгiн жасау және табыс ету тәртібін көздейдi.
2. Салық төлеушiлердiң мониторингi (бұдан әрi - мониторинг) салық төлеушiлердің нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзiндiк құнын қалыптастырудың негiздiлiгіне талдау жүргiзу, Қазақстан Республикасының қаржы, валюта заңнамаларын және қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында, салық төлеушiлердің қаржы-шаруашылық қызметiн байқау жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады.
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007.07.08. № 551 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мониторинг салық мiндеттемелерiнің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттік органның (бұдан әрi уәкiлеттi мемлекеттік орган) орталық серверiнің дерек қорына деректердi берудің электрондық жүйесi арқылы салық төлеушiлерден негiзгi қаржы-экономикалық және салықтық көрсеткiштер бойынша ақпарат жинау жолымен жүзеге асырылады. Электрондық мониторинг бойынша салық есептілігі шоғырландырылған табыс етіледі.
Мониторингтi:
1) республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлер бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган;