Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2804 нөмірмен тіркелген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі № 373 бұйрығы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2804 нөмірмен тіркелген
"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16
наурыздағы № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 29
сәуірдегі № 373 бұйрығы

Бұйырамын:

1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 213 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2804 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінде:

16-тармақта:

"30 сәуірге" деген сөздер "15 мамырға" деген сөздермен ауыстырылсын;

21-тармақта:

"Бағалаудағы баллдарды ауыстырудың тәртібі мен шкаласын Министрлік белгілейді." деген сөздер "Баллдарды бағаға ауыстыруды МК осы Ереженің қосымшасына сәйкес шкаламен жүргізеді." деген сөздермен ауыстырылсын;

32-тармақта:

"ҰБТ көлемінде" деген сөздерден кейін "МК шешіміне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.Ырсалиев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.