Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2702 тіркелген, "Екінші
деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі,
нысандары мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 10 және Қазақстан
Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 29 бірлескен
қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 56,
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 117 бірлескен
қаулысы
ҚР ҰБ Басқармасының 2005 жылғы 15 наурыздағы № 35, ҚР ҚҚА Басқармасының 2005 жылғы 15 наурыздағы № 43 бірлескен қаулыларымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54 және 55-баптарына, "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі Агенттік) қаулы етеді: