«Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу және кезеңдік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда № 2349 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 181 бұйрығы (күші жойылды)

"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел
санатына жатқызу және кезеңдік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін қолдану
ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау
агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда № 2349
тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 181
бұйрығы

ҚР Қаржы министрілігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005.29.06. № 240 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес бұйырамын:

1. "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу және кезеңдік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда № 2349 тіркелген, 2003 жылғы 16 тамызда "Ресми газетте" № 33 жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу ережесінде:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Қызмет аймағында тіркелген кеден органына СЭҚ-қа қатысушының есеп кәртішкесін қоса бере отырып жазған оның жазбаша өтініші СЭҚ-қа қатысушының ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына сәйкестігін айқындау үшін негіздеме болып табылады. Өтінішті қарау мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспауы тиіс".

2) 3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:

"СЭҚ-қа қатысушыда арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлар мен ашық алаңдарды уақытша сақтау орны деп тану туралы кеден органы шешімінің болуы;

тауарлардың кеден шекарасы арқылы өткізілуінің мерзімділігі күнтізбелік жыл ішінде 50 реттен кем емес.".

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.