Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының
Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетiн
құру туралы келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы № 545 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегі комитетiн құру туралы келісімнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ахметжан Смағұлұлы Есiмовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметі атынан Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының Yкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетiн құру туралы келісімге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |