Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісім (Пекин қ., 2004 жылғы 17 мамырда) (2009.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының
Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негiздемелiк
келісім
(Пекин қ., 2004 жылғы 17 мамырда)

(2009.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрi «Тараптар» деп аталады)

екi мемлекет арасындағы достық байланыстарды нығайту, мұнай және газ саласындағы олардың ынтымақтастығын ынталандыру мақсатында

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық өзара толықтыратын сипатта екенiн, сондай-ақ екi мемлекеттiң де экономикалық дамуы үшiн маңызы зор осы саладағы екi елдiң ынтымақтастығын одан әрi кеңейту үшiн географиялық басымды екенiн ескере отырып,

теңдiк, өзара тиiмдiлiк және ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық қағидаттарына сәйкес

төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

Тараптар мұнай және газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрi нығайту үшiн екi елдiң кәсiпорындарын қолдау бойынша тиiмдi шаралар қабылдауға келiседi.

2009 жылғы 14 қазандағы Хаттамамен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумағында мұнай мен газды барлау, өндiру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі бiрлескен жобаларға өз мемлекеттерiнiң кәсiпорындарының қатысуына, сондай-ақ өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес өзара тиiмдi инвестициялық жағдай жасауға және мемлекеттер кәсiпорындарының рұқсаттарды, жеңілдiктер мен преференцияларды алуына жәрдемдеседi.

Тараптар екі Тараптың Уәкілетті органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерімен мұнайды мұнай құбыры арқылы ҚХР-ға тасымалдау шарттарын жасасу жөнінде келіссөздер жүргізуге жәрдем көрсетуді тапсырады.

 

3-бап

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.