Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 Бұйрығы
(2009.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығымен күші жойылды
Ішкі істер органдары үшін жаңа буын өкілдері арасынан басшы кадрлар резервін дайындау мақсатында Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелері бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2009.09.04 № 135 Бұйрығымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметтерінің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) көрсетілген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына оқуға үміткерлерді уақытында және сапалы іріктеуді қамтамасыз етсін.