Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту Ережесін бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы № 148 бұйрығы (ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту Ережесін бекіту және кейбір
нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы № 148 бұйрығы
(ҚР Әділет министрінің 04.11.04 ж. № 325 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 60 бұйрығымен күші жойылды

"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағының негізінде, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту Ережесі бекітілсін.

2. Аумақтық әділет органдарының басшылары бекітілген Ережені тиісінше қолдануды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау әділет вице-министрі С.Н. Баймағанбетовке жүктелсін.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) "Мемлекеттік нотариустарды аттестациялау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1997 жылғы 24 қарашадағы № 109 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 423 тіркелген);

2) "Орталық аттестациялық комиссия туралы" Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1997 жылғы 24 қарашадағы № 110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 424 тіркелген).

5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

 

 

 

 

 

О. Жұмабеков

"Жекеше нотариустардың

аттестаттаудан өту Ережесін

бекіту және кейбір нормативтік

құқықтық актілердің күші

жойылды деп тану туралы"

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2003 жылғы 25 мамырдағы

№ 148 бұйрығымен

бекітілген

Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту

Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өтуінің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жекеше практикамен айналысатын нотариустардың аттестаттаудан өтуінің тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.