№ 1723 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеумекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыружөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділетминистрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығына өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің2004 жылғы 27 мамырдағы № 155 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығымен күші жойылды
Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 1723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 9-10, 544-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалау мен күзетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
32-тармақтағы «Әскери қызметшілердің» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46-1 тармақпен толықтырылсын:
«46-1. Өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға және өлім жазасына сотталғандарды (бұдан ірі - ӨБА және ӨЖ) қадағалауды 15 камераға екі бақылаушы есебінен болатын бақылаушылар наряды жүзеге асырады. Камераның алдында қадағалауды жүзеге асыратын бақылаушылар үнемі көрініп тұратын өзара бақылауда болуы тиіс.