2004/2005 оқу жылына кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған
кәсіптік мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 12 мамырдағы № 408 бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрінің 13.09.04 ж. № 738; 29.09.04 ж. № 789
бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
"Кәсiптiк жоғары білімдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысын iске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) күндiзгi оқу нысаны бойынша 2004/2005 оқу жылына кәсiптік жоғары білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) сырттай оқу нысанына 2004/2005 оқу жылына кәсiптiк жоғары білімдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы мамандықтар бойынша бекітілсiн.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім департаментi (Б.С. Әбдiрәсiлов) белгiленген тәртiппен жоғары оқу орындарының арасында мемлекеттік бiлім беру грантын орналастыратын конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім департаментi (Б.С. Әбдiрәсiлов) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Білім беру мен тестiлеудiң мемлекеттік стандарттары ұлттық орталығымен (T.О. Балықбаев) бiрлесiп:
1) кәсiптiк жоғары білім алуға ниет білдірген азаматтарды таңдаған мамандығы бойынша мемлекеттік сертификат берумен қоса кешендi тестiлеудi;
2) мемлекеттік білім беру гранты мен мемлекеттік білім беру кредитiн беретiн конкурсқа қатысуға ұлттық бiрыңғай тестiлеуден немесе кешендi тестiлеуден өткен талапкерлердiң өтiнiштерiн қабылдауды ұйымдастырсын және өткiзсiн.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Конкурстық комиссиясы мемлекеттік сертификаттағы баллдар конкурсы бойынша бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы шегiнде нақты мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша мемлекеттік білім гранттарын тағайындауды немесе мемлекеттік білім несиелерiн берудi жүзеге асырсын.