Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрегей және сирек
ландшафттарды сақтау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 474
өкімі
Қазақстан Республикасының аумағындағы ерекше рекреациялық маңызы бар бiрегей және сирек ландшафттарды сақтау мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қоршаған ортаны қорғау министрлiктерi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi:
туризм және рекреацияның мәнi ретiнде ерекше экологиялық және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн сақтау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
ерекше рекреациялық маңызы бар бiрегей және сирек ландшафттардың табиғи экологиялық жүйелерiнiң жай-күйiне тұрақты бақылау орнатсын, олардың азып-тозуына жол бермесiн.