Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1997 жылғы 29 шiлдедегі
№ 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 маусымдағы № 665
Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы .№ 206 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

1. "Мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 29 шiлдедегi № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

Мемлекеттік статистиканы жетілдiру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрамына:

           Есiмов                - Қазақстан Республикасы Премьер-
           Ахметжан Смағұлұлы      Министрінің орынбасары, төраға
 
     болып енгiзiлсін;
 
     мына:
 
           "Белоног              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
           Анатолий Александрович   сақтау бiрiншi вице-министрi -
                                    Қазақстан Республикасының Бас
                                    мемлекеттік санитарлық дәрiгерi"
 
     деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
           "Белоног              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
           Анатолий Александрович   сақтау вице-министрi - Қазақстан
                                    Республикасының Бас мемлекеттік
                                    санитарлық дәрiгерi";
 

көрсетiлген құрамнан Григорий Александрович Марченко шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов