№ 2140 тіркелген «Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы
10 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы
ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы№ 534 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен күші жойылды
Ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының ғылыми бөлімшелерінің қызметкерлеріне ғылыми атақтар беру жөніндегі талаптарды жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2140 тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені» журналының 2003 жылғы № 37-42, 881-б. жарияланған») «Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 15 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінде: