Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 22 маусымдағы № 690 қаулысымен
бекітілген
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамын дамытудың
2004 жылға арналған негізгі көрсеткiштерi
2004 жылы "Қазақтелеком" АҚ серпiндi даму бойынша қол жеткiзген оң үрдiстердi нығайтуды жоспарлап отыр. Тиiмдi және табысты қызмет етудi қамтамасыз ету үшiн жоғары деңгейде жоспарланған өндiрiстiк және қаржылық көрсеткiштерге қол жеткізуге күш салу керек.
Болжам бойынша, телекоммуникациялық қызметтердi сатудан түскен кiрiстер 2004 жылы 66560,7 млн. теңгенi құрайды және ол 2003 жылмен салыстырғанда 1%-ға өседi.
Жергiлiктi байланыстан түсетiн кiрiстер, болжам бойынша 2004 жылы 9,5%-ға өсiп, 12850,8 млн. теңгенi құрайтын болады. Бұл ретте негiзгі телефон аппараттарының саны 2361941 бiрлiкке дейiн жетедi деп болжануда, олардың саны 2003 жылмен салыстырғанда 6%-ға артады.
Қалааралық, халықаралық байланыс қызметтерiн көрсету бойынша кiрiстер көлемi 2004 жылы 40175,1 млн.теңге мөлшерiнде жоспарланып отыр. Бұл ретте қалааралық, халықаралық байланыстың шығыс трафигi болжам бойынша өткен жылдың осындай кезеңiне қарағанда 5%-ға артып, 1622,8 млн. минутқа дейiн жетедi деп күтiлуде.
Деректер беру желісінiң қызметтерiн көрсету бойынша кiрiстер көлемi 2004 жылы 3200,5 млн.теңге мөлшерiнде болжанып отыр, ол 2003 жылға қарағанда 20%-ға өскен.
Басқа да табыстар (телеграфтық байланыстан, бөгде операторларды қосудан, смарт-карталарды, сымдық таратуды, "Құлан" желісін сатудан) болжам бойынша 10334,3 млн. теңгенi құрайтын болады.
Кiрiстер бойынша болжамдардың орындалуы кең көлемдi инвестициялық бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде қамтамасыз етiлетiн болады, оның ауқымы 25209,1 млн. теңге көлемiнде болады деп болжануда. Бағдарламаны қаржыландыруды сыртқы заемдар (15809,5 млн. теңге) есебiнен және өз қаражаттарын (9399,6 млн. теңге) пайдалану жолымен қамтамасыз ету қарастырылуда. Инвестицияларды жергiлiктi телекоммуникациялар желісін жетiлдiруге және дамытуға, Шығыс ТОБЖ құрылысын бастауға, деректер беру желісін және коммерциялық жобаларды әрi қарай дамытуға бағыттау көзделуде.
"Қазақтелеком" АҚ өзiндiк қаражаттары есебiнен 1 млрд. астам теңге ауылдық желiлердi жетiлдiру мен дамытуға жiберiлетiн болады. Атап айтқанда, 2004 жылы 19 аудан орталығындағы және қала үлгiсіндегі екi ауылда ATC жетiлдiру, сондай-ақ аудан орталықтарынан төмен деңгейде орналасқан 17 аналогтық ATC цифрлыққа ауыстыру жоспарлануда. Мұнан басқа, 132 радио ұзартқыш орнату, 118 координаттық АТС шағын жетiлдiру құралдарымен қосымша жабдықтау және аудан орталығы-ауыл учаскелерiндегі 54 жалғау желiлерiн цифрландыру жоспарлануда.
Қатынауы қиын ауылдық жерлерде ДАМА технологиясы бойынша спутниктiк байланыс желісінiң құрылысын салу жалғасатын болады. 2004 жылы алыс, қатынауы қиын аудандарда 15 ДАМА станциясын орнату жоспарлануда.
Сатылған өнiмдердiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құны болжам бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 5,2%-ға артып, 39908 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде материалдар - 4133 млн. теңге, еңбек бойынша шығындар - 11972 млн.теңге, үстеме шығыстар - 23803 млн.теңге. Амортизациялық аударымдар артатын болады, бұл желiнiң жаңаруы және кеңеюi барысында едәуiр жабдық санының енгiзiлуiне байланысты.
Жалпы кiрiс, болжам бойынша 26652,7 млн. теңгеге жетедi. Салық салынатын кiрiс 18340,2 млн. теңгенi құрайды. Болжам бойынша таза пайда 12838,1 млн. теңгеге жетедi.
2004 жылғы 23 сәуірдегі акционерлердiң жылдық жалпы жиналысында 2003 жылдың қорытындылары бойынша жай акцияларға 3438,5 млн. теңге көлемiнде дивидендтер төлеу туралы шешiм қабылданды, оның iшiнде мемлекеттік акциялар пакетi бойынша 1910,1 млн. теңге.
Қазақтелеком" АҚ қызметкерлер саны 2003 жылдың деңгейi бойынша болжанып отыр және 33006 адамды құрайды. Болжам бойынша, жалақы қоры 14574,5 млн. теңгеге жетедi. Бiр қызметкердiң орташа айлық жалақысы 36838 теңгенi құрайтын болады.
2004 жылы тиiмдi емес қызмет көрсетулердi кросс-қаражаттандыруды жою процесiн тарифтердi қайта теңгерiмдеу мен телекоммуникация рыногының барлық қатысушыларына жалпы қол жетiмдi қызмет көрсетулердi қаржыландыру бойынша ауыртпалықты теңдей бөлудiң айқын және әдiлеттi механизмiн бiртiндеп ауыстыру жолымен бастау қарастырылып отыр.