Мәдениет туралы Қазақстан Республикасының Заңы (2004 жылғы 24 маусым)(Жоба) (күші жойылды)

Жоба

Мәдениет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

 

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 699 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізiлдi

2006 ж. 15 желтоқсандағы № 207-III ҚР Заңын қара

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, өркендету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдық негіздерiн айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлерiн аттестациялау - мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерiнiң біліктiлiк деңгейінің біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау мақсатында өткiзiлетiн рәсiм;

2) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат - мемлекеттік органдар қабылдайтын, мәдениетті жасауға, өркендетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға бағытталған шаралар кешенi;

3) мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасау, өркендету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ олардан азаматтардың нәр алуы жөніндегі қызметi;

4) мәдениет - адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы;

5) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттік маңызы бар және осыған орай өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына бiржола тиесілі мәдени құндылықтардың жиынтығы;

6) мәдени құндылықтар - зайырлы және дiни сипаттағы мәдени мұра заттары, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени маңызы бар құндылықтар;

7) ұлттық-мәдени игiлiк - елдiң тарихы мен мәдениетi үшiн ерекше маңызы бар, Ұлттық мәдени игілiк объектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізiлген мәдени құндылықтар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.