Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау,
метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының "Сапа
саласында конкурстар өткізудің кейбір ережелерін бекіту" туралы №
1526-мен тіркелген 2001 жылғы 2 мамырдағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі
комитеті Төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы № 138 бұйрығы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 432 бұйрығымен күші жойылды
Сапа саласында конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібінің талаптарын жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының «Сапа саласында конкурстар өткізудің кейбір Ережелерін бекіту туралы» (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің Тіркелімінде № 1526 тіркелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық атқару және өзге органдарының бюллетенінде 2001 жылғы, № 27, 457-бабында жарияланған) 2001 жылғы 2 мамырдағы № 128 бұйрығына төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген «Қазақстанның үздік тауарлары» Республикалық конкурсына ұсынылған өнімдерді сараптап бағалау ісін ұйымдастыру және жүргізу ережелерінің:
Барлық мәтін бойынша «экономика» сөзі «индустрия» сөзімен ауыстырылсын;
9 тармақ мына редакцияда жазылсын:
«9. Екінші кезең - сәуір айынан бастап маусымды қоса алғанға дейінгі аралықта өтеді.
Кезеңнің қамтитын мәселелері:
Аймақтық сараптау комиссиясының конкурсқа қатысушылардан өнімдер бойынша қажетті материалдарды қабылдауы;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің Мемлекеттік бақылау басқармасының инспекторларын қатыстыру арқылы Аймақтық сараптау комиссиясы конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өнімдерді сынақтан өткізген және талдау жасаған жұмыстарды іріктеу;