Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 477
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 6 шілдедегі № 738 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 477 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
екiншi тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Нартай Нұртайұлы Дүтбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкiметінiң арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімдi жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының