«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II Заңы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

6-1) - 6-7) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6-8) тармақшамен толықтырылды

6-8) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту;

6-9) 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8) тармақша өзгертілді; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

8) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын, байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу және қабылдау;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;

8-2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8-3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 8-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8-4) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8-5) - 8-7) тармақшалармен толықтырылды

8-5) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту;

8-6) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту;

8-7) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 8-8) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 8-8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8-8) ұялы байланыстың абонентік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау;

10) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кіру;

12) 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;

14) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;

16) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

17) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

18) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды

18-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;

19) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-1) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды; 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-2) тармақша өзгертілді; 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 19-2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

19-2) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;

19-3) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-4) тармақшамен толықтырылды; 2010.29.12. № 373-IV ҚР Заңымен 19-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

19-4) телекоммуникациялар және пошта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;

19-5) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

19-6) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-7) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 19-8) - 19-16) тармақшалармен толықтырылды

19-8) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;

19-9) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-10) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту;

19-11) күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;

19-12) жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекiту;

19-13) трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту;

19-14) байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын бекіту;

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 19-15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19-15) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;

19-16) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 19-17) тармақшамен толықтырылды; 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 19-17) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-17) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын әзірлеу және қабылдау;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 19-18) тармақшамен толықтырылды

19-18) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;

19-19) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 19-20) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 19-20) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-20) конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөліп беру үшін радиожиілік органдары айқындаған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радио жиілік арналарын) бөліп беру жөніндегі конкурстарды (немесе аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу, конкурстар (немесе аукциондар) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 19-21) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 19-21) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-21) бірлесіп пайдалану тіреуіштеріне телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін бекіту;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 19-22) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

19-22) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, оның ішінде байланыс сигналдарын күшейткіштердің, жоғары жиілікті құрылғылардың, радиосигналды бұғаттауға арналған арнаулы техникалық жабдықтың жұмысын анықтау және оның жолын кесу қағидаларын бекіту;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 19-23) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

19-23) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс инфрақұрылымының қолжетімділігін ұйымдастыру;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 19-24) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

19-24) кеден ісі саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) əкелу, тіркеу, өткізу жəне қолдану қағидаларын бекіту;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.

2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;

4) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;

7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;

8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

9-2) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды

9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желілері мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкестігін тексеру;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 9-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды

9-5) пошта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

9-6) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9-7) тармақшамен толықтырылды

9-7) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

8-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның құзыреті

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:

1) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

2) байланыс желілерінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

3) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары анықталған кезде байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру тəртібінің қағидаларын бекіту;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді жүзеге асыратын радиожиілік органдары мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.

2. Уәкілетті органның радиожиілік спектрін реттеу кезіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді

1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану бойынша радиожиілік спектрін бөліп беру, қайта бөліп беру (пайдалануды қайта құрылымдау) жəне пайдалану мəселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеу;

2) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;

4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қатер төндірген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса маңызды жұмыстар мен іс-шаралар орындалған кезде, оларды пайдалануды тоқтата тұру;

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес радиобақылауды жүзеге асыру;

7) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

8) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) және 10) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

9) азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;

10) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

11) Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесін жəне радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарын қайта қарау;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлектеу және пайдалану жөнінде қажетті келісулерді жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

 

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды

9-1-бап. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік радиожиілік қызметі байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауды, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингін;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді және Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз етуді;

3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді, оларға қолжетімділік беруді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісуді, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыруды;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7) Қазақстан Республикасында радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орнату) жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

8) ұялы байланыс желілерінің жиілік-аумақтық жоспарларын келісуді;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

9) радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарын əзірлеуді;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10) байланыс сапасының жай-күйі бойынша талдамалық жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиіліктерді іріктеуді жүзеге асырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

 

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды

9-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия

1. Мемлекеттік техникалық қызмет киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін жүргізуді;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды;