Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңы (2026.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

 

 

4-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

 

16-бап. Кредиттiк бюроның құқықтары

Кредиттiк бюро:

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттік есептерді алушылармен кредиттік есептерді алу туралы шарттар жасасуға;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны жəне (немесе) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін алғаны туралы растауды ұсынуды, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастыратын толық əрі анық ақпаратты талап етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік бюродан ақпаратты алуға құқығы бар тұлғаларға кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты немесе кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты жария етпестен, кредиттік бюроның деректер базасында субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынуға;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға осы Заңның 17-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген жағдайда, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында қамтылатын ақпаратты кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруге;

4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтары болуға құқылы.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері

1. Кредиттік бюро:

1) кредиттiк тарихтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға;

2) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсімін алғаны туралы растау болған кезде кредиттiк есептердi ұсынуға;

3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк тарихтарда қамтылған ақпаратты, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты ашуға жол бермеуге;

4) кредиттік бюро қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан алушыға ұсынылған кредиттік есепте ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат қамтылған жағдайда, көрсетілген сәйкессіздік анықталған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсынуға міндетті.

парат берушінің растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюро ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған кезден бастап жүзеге асырылады;

5) кредиттiк тарих субъектісінің өтiнiшi бойынша оған кредиттiк тарих субъектiсi даулап отырған ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтердi ұсынуға;

6) егер кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, кредиттік есептi ұсынудан бас тартуға;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынуға;

8) тиiстi негіздер болған кезде, қайта ресiмдеуге немесе нақтылауға тиiс, келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) осы Заңның 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде жəне 24-бабы 5-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген, тиісті субъектінің кредиттік тарихына нақты уақыт режимінде енгізілуге тиіс ақпаратты қоспағанда, ақпарат берушіден ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті субъектінің кредиттік тарихына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

9-1) кредиттік тарих субъектісі жеке тұлғаның осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған екі жəне одан көп ақпарат берушіге мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шартын (тұтынушылық микрокредит беру туралы шартты) жасасуға өтініштерді бір сағат ішінде бергені туралы ақпаратты жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де ақпаратты нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығына беруге;

10) кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын ақпараттың анықтығын тексеру үшін мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтініш жасауға, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын мәліметтерге сәйкес келмейтін ақпаратқа қатысты түзетулер енгізуге міндетті. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтініш жасау, кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорына түзетулерді енгізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден жəне осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4-2), 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардан өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтауды талап етуге;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес цифрлық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi пайдалануға;

12) негізгі қызмет түрі бойынша топты құрайтын барлық ақпарат берушілер мен кредиттік есептерді алушылардың теңдігін қамтамасыз етуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарда белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндетті.

2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттерден басқа:

1) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша кредиттік скоринг туралы ақпаратты және кредиттік скорингті есептеумен байланысты өзге мәліметтерді де беруге міндетті, бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды;

2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, банктік қарыз шарттарын, микрокредит беру туралы шарттарды жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге міндетті.

 

18-бап. Ақпарат берушілер

1. Мыналар:

 ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) тармақшасының қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша осы 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды

1-1) коллекторлық агенттіктер, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында жəне (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан əрі - сервистік компаниялар), «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар;

 2) жүйелендiрiлген белгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тауарларды және көрсетілетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;

2007.26.07 № 311-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-1) коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жеке тұлғаларға қарыздар (кредиттер) жəне (немесе) микрокредиттер берген жəне солар бойынша құқықтары (талаптары) тоқтатылмаған ұйымдар;

 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар ақпарат берушiлер болып табылады.

2. Уәкілеттi органның кредиттiк бюролардың қызметi және кредиттік тарихты қалыптастыру мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актілерi ақпарат берушілер ретiнде олардың кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысуы жөніндегі қызметіне қатысты бөлiгiне ақпарат берушілердiң орындауы үшiн міндетті.

 

19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері

1. Ақпарат берушi:

1) берiлетiн ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын кредиттік бюролардан талап етуге;

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Қазақстан Республикасының заң актілерiне және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарға сәйкес өзге де құқықтары болуға;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3) бұрын өзі берген ақпаратты кредиттік бюродан алуға құқылы.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер:

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)

1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға беруге келісiмін алуға;

 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) осы Заңда және ақпарат беру туралы шартта айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;

4) кредиттік бюроларға берiлген ақпаратты кредиттiк тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) ақпарат беру туралы шарт жасалған кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәлiметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) цифрлық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) кредиттiк ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiсiнше шарттарын өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2022 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік бюроға:

осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (кредиттік серіктестіктерді қоспағанда), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты берушілер үшін - осы Заңның 24-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) жəне 3-2) тармақшаларында жəне 3-тармағында көзделген, кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлға туралы бір жұмыс күні ішінде;

осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін - кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

коллекторлық агенттіктер мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) және 3-1) тармақшаларда көрсетілген ақпарат берушілер үшін - кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ақпарат беруге міндетті.

Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер (кредиттік серіктестіктерді жəне ломбардтарды қоспағанда) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тəртіппен кредиттік бюроға нақты уақыт режимінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттары (тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар) бойынша кредиттік тарих субъектісі жеке тұлға туралы ақпарат беруге міндетті, онда:

жеке тұлғаның жеке сəйкестендіру нөмірі, өтініштің сəйкестендіргіші, банктік қарыздың (микрокредиттің) сомасы көрсетіле отырып, шарт жасасуға өтініш беру күні мен уақыты;

осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген өтінішті мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту күні мен уақыты, осындай өтініштің сəйкестендіргіші, осындай өтініш бойынша мақұлданған банктік қарыздың (микрокредиттің) жəне ол бойынша мерзімді төлемнің сомасы;

осы бөліктің екінші абзацында көрсетілген өтініш бойынша банктік қарызды (микрокредитті) беру күні мен уақыты, осындай өтініштің сəйкестендіргіші, осындай өтініш бойынша берілген банктік қарыздың (микрокредиттің) жəне ол бойынша мерзімді төлемнің сомасы қамтылады.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында жасалған жəне қарыз сомасын тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) тікелей банктік шотына аударуды көздейтін тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) беруге арналған өтініштерді қоспағанда, бұрын жасалған, талаптарында өтініш негізінде ақшаны толық көлемде немесе бөліп-бөліп беру көзделген шарт шеңберінде мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) сомасын ұлғайтуға арналған өтінішке не тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) беруге арналған өтінішке қолданылады.

Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген цифрлық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер:

1) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен және өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға;

2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларындағы талаптарды орындауға міндетті.

3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ақпарат берушілер:

1) өздерi кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгiленген, өзге де ақпарат берушiлерге қойылатын талаптарды сақтауға тиiс;

2) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен бап 4 тармақпен толықтырылды

4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттарда айқындалған, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.

 

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20-бап. Кредиттік есептерді алушылар

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мыналар:

2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер, сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;

2) жүйелендірілген белгілерін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке өткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар, сондай-ақ уəкілетті органның кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімін ресімдеу тəртібі туралы нормативтік құқықтық актісіне сəйкес алынған кредиттік тарих субъектісінің келісімі негізінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тұлғалар;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) кредиттік тарих субъектісі;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) пайдасына банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлға;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигацияларды ұстаушылардың өкілі;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган, қаржы басқарушысы;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4-4) банк омбудсманы;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4-5) микроқаржы омбудсманы;

2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

4-6) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) уəкілетті орган;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттік есептерді алушылар болып табылады.

Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өздері туралы кредиттік есеп алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған кредиттiк есептi алушылар өздерiнің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы ғана кредиттiк есепті алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитенті туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған, сондай-ақ өзі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген Қазақстан Республикасының азаматы туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.