Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңы (2025.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға осы Заңның 17-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген жағдайда, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректерінің базасында қамтылатын ақпаратты кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруге;

4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтары болуға құқылы.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері

1. Кредиттік бюро:

1) кредиттiк тарихтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға;

2) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсімін алғаны туралы растау болған кезде кредиттiк есептердi ұсынуға;

3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк тарихтарда қамтылған ақпаратты, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты ашуға жол бермеуге;

4) кредиттік бюро қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан алушыға ұсынылған кредиттік есепте ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат қамтылған жағдайда, көрсетілген сәйкессіздік анықталған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсынуға міндетті.

парат берушінің растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюро ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған кезден бастап жүзеге асырылады;

5) кредиттiк тарих субъектісінің өтiнiшi бойынша оған кредиттiк тарих субъектiсi даулап отырған ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтердi ұсынуға;

6) егер кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, кредиттік есептi ұсынудан бас тартуға;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынуға;

8) тиiстi негіздер болған кезде, қайта ресiмдеуге немесе нақтылауға тиiс, келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) осы Заңның 19-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде жəне 24-бабы 5-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген, тиісті субъектінің кредиттік тарихына нақты уақыт режимінде енгізілуге тиіс ақпаратты қоспағанда, ақпарат берушіден ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті субъектінің кредиттік тарихына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

10) кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын ақпараттың анықтығын тексеру үшін мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтініш жасауға, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын мәліметтерге сәйкес келмейтін ақпаратқа қатысты түзетулер енгізуге міндетті. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтініш жасау, кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорына түзетулерді енгізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден жəне осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4-2), 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардан өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтауды талап етуге;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi пайдалануға;

12) негізгі қызмет түрі бойынша топты құрайтын барлық ақпарат берушілер мен кредиттік есептерді алушылардың теңдігін қамтамасыз етуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарда белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндетті.

2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттерден басқа:

1) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша кредиттік скоринг туралы ақпаратты және кредиттік скорингті есептеумен байланысты өзге мәліметтерді де беруге міндетті, бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды;

2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, банктік қарыз шарттарын, микрокредит беру туралы шарттарды жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпаратты уәкілетті органға беруге міндетті.

 

18-бап. Ақпарат берушілер

1. Мыналар:

 ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1) тармақшасының қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша осы 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды

1-1) коллекторлық агенттіктер, «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде жəне (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан əрі - сервистік компаниялар), «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында көрсетілген тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар;

2) жүйелендiрiлген белгiлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тауарларды және көрсетілетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;

2007.26.07 № 311-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-1) коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, жеке тұлғаларға қарыздар (кредиттер) жəне (немесе) микрокредиттер берген жəне солар бойынша құқықтары (талаптары) тоқтатылмаған ұйымдар;

 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар ақпарат берушiлер болып табылады.

2. Уәкілеттi органның кредиттiк бюролардың қызметi және кредиттік тарихты қалыптастыру мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актілерi ақпарат берушілер ретiнде олардың кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысуы жөніндегі қызметіне қатысты бөлiгiне ақпарат берушілердiң орындауы үшiн міндетті.

 

19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері

1. Ақпарат берушi:

1) берiлетiн ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын кредиттік бюролардан талап етуге;

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Қазақстан Республикасының заң актілерiне және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарға сәйкес өзге де құқықтары болуға;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3) бұрын өзі берген ақпаратты кредиттік бюродан алуға құқылы.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер:

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға беруге келісiмін алуға;

 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) осы Заңда және ақпарат беру туралы шартта айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;

4) кредиттік бюроларға берiлген ақпаратты кредиттiк тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) ақпарат беру туралы шарт жасалған кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәлiметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) кредиттiк ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiсiнше шарттарын өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2022 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік бюроға:

осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) (кредиттік серіктестіктерді қоспағанда), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты берушілер үшін - осы Заңның 24-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) жəне 3-2) тармақшаларында жəне 3-тармағында көзделген, кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлға туралы бір жұмыс күні ішінде;

осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1) (коллекторлық агенттіктерді қоспағанда) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер үшін - кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

коллекторлық агенттіктер мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) және 3-1) тармақшаларда көрсетілген ақпарат берушілер үшін - кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ақпарат беруге міндетті.

Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер (кредиттік серіктестіктерді жəне ломбардтарды қоспағанда) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тəртіппен кредиттік бюроға нақты уақыт режимінде кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы мынадай:

жеке тұлғаның жеке сəйкестендіру нөмірін, банктік қарыздың, микрокредиттің сомасы мен мақсатын көрсете отырып, банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасуға өтініш бергені туралы ақпаратты беруге міндетті.

Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.

2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер:

1) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен және өзге де кредиттік бюролармен ақпарат беру туралы шарттар жасасуға;

2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларындағы талаптарды орындауға міндетті.

3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ақпарат берушілер:

1) өздерi кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгiленген, өзге де ақпарат берушiлерге қойылатын талаптарды сақтауға тиiс;

2) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен бап 4 тармақпен толықтырылды

4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2), 3-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептерді алу туралы шарттарда айқындалған, өздерінің қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды сақтайды.

 

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20-бап. Кредиттік есептерді алушылар

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мыналар:

2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер, сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;

2) жүйелендірілген белгілерін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке өткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар, сондай-ақ уəкілетті органның кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімін ресімдеу тəртібі туралы нормативтік құқықтық актісіне сəйкес алынған кредиттік тарих субъектісінің келісімі негізінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тұлғалар;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) кредиттік тарих субъектісі;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) пайдасына банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлға;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигацияларды ұстаушылардың өкілі;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган, қаржы басқарушысы;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4-4) банк омбудсманы;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4-5) микроқаржы омбудсманы;

2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

4-6) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) уəкілетті орган;

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттік есептерді алушылар болып табылады.

Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өздері туралы кредиттік есеп алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған кредиттiк есептi алушылар өздерiнің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы ғана кредиттiк есепті алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитенті туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған, сондай-ақ өзі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген Қазақстан Республикасының азаматы туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-6) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар уәкілетті органмен келісу бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша коллекторлық және микроқаржы ұйымдарының алдында берешегі бар, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалар бойынша ғана кредиттік есептен мәліметтер алуға құқылы.

Осы тармақтың алтыншы бөлігінің ережесі жеке тұлғаның кредиттік тарихын қалыптастыру үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар кредиттік бюроларға ұсынатын мәліметтерге қолданылмайды.

Кредиттік есептерді осы тармақта көрсетілмеген тұлғаларға беруге жол берілмейді.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4-2), 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.

 

21-бап. Кредиттік есептi алушының құқықтары мен міндеттері

1. Кредиттiк есептi алушы:

1) кредиттiк есептi алуға;

2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Кредиттік тарих субъектісі, осы Заңның 17-бабының 4) тармақшасында көзделген, субъектіге түзетілген кредиттік есеп берілетін жағдайды қоспағанда, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға кредиттік бюро айқындайтын тәртіппен кредиттік бюродан өзінің кредиттік скорингі туралы ақпаратты өтеусіз алуға құқылы.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есепті алушылар кредиттік есептерді тегін алады.

2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4-2) тармақшаларында көрсетiлген кредиттiк есептi алушылар:

1) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсi туралы кредиттiк есептi алуға оның келісімiн алғандығы туралы растауды кредиттік бюроға табыс етуге;

2) кредиттiк есептi алушы ретiнде тiркелген кезде оларға табысетiлген мәлiметтердiң өзгергенi туралы хабарлауға;

3) кредиттік есепке қатысты құпиялылықты сақтауға және ондағы ақпаратты үшiншi тұлғаларға жария етпеуге;

4) кредиттiк есептегi ақпаратты осы Заңның 26-бабында көзделген мақсаттар үшiн ғана пайдалануға;

5) кредиттiк тарих субъектiсiнің талабы бойынша оны кредиттiк есептiң мазмұнымен таныстыруға не оған кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес кредиттiк есептiң көшiрмесiн беруге;

6) кредиттiк бюроның кредиттiк есептi беру жөнiнде көрсететiн қызметiне ақы төлеуге;

7) Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Осы Заңның 20-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 4-4) жəне 4-5) тармақшаларында көрсетілген кредиттік есепті алушылар: